Жікшілдік немесесепаратизм – жаңа тәуелсіз мемлекет құрк мақсатында немесе өте кең құқықты автономия мәртебесін алу үшін мемлекет аумағының жеке бөлігін оқшаулап, бөліп алуға бағытталған саясат пен әрекеттер.
Азиядағы геосаяси кеңістік
АҚШ Халық санағы бюросының 2017 жылғы деректері бойынша әлемдегі халық саны 100 млн-нан асатын 13 мемлекеттің жетеуі Азияда орналасқан.
Қазіргі кезде әлемде ресми түрде 8 мемлекет ядролық қаруға ие екендігін жариялаған, олардың төртеуі Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея Халық демократиялық Республикасы азиялық елдер, ядролық қуаты жоғары Ресей аумағының да басым көпшіліг осы аймақта жатыр.
Оңтүстік-Батыс Азиядағы араб-израиль жанжалы 50 жылдан астам уақыт жалғасып келеді. 1993 жылы Израиль мен Палестинаны азат ету ұйымы арасында басталған тікелей келіссөздер аймақта бейбітшілік орнатуға жол салған болатын.
2003 жылдан бастап АҚШ бастамасымен Иракта демократия орнату үдерісі жүргізіліп, С.Хусейн бастаған билік өкілдері халықаралық сот шешімімен жазаланды.
Үндістан мен Пәкістан арасында Джамму, Кашмир штаттары үшін қақтығыстар орын алған. Оңтүстік-Шығыс Азияда әскери қақтығыстар Индонезияда, Филиппинде, Мьянмада орын алған. 52-Еуропадағы геосаяси кеңістік
Европол – Гаага қаласында орналасқан Еуропалық полиция қызметі.
Еуропалық Одақ құрамында болуы Грекия, Португалия, Италия және т.б. елдер үшін экономикалық дағдарыстың кері ықпалын азайтуға мүмкіндік берді.
Еуропада жікшілдік көріністері орын алған, сипатына қарай ғалымдар жікшілдікті батысеуропалық және шығысеуропалық деп екіге бөледі.
Батысеуропалық жікшілдіктің басты себебі – ұлттық негіздегі шиеленістер. Ұзақ жылдар бойы экстремистік әрекет жүргізген Испаниядағы Баск елінің «ЭТА» ұйымы 2011 жылдан бері бейбір әрекетке көшкенін
жариялады. Дегенмен, Солтүстік Ирландияда «Ирланд республикалық армиясы» («ИРА»), Францияда
«Корсика ұлт-азаттық майданы» атты радикалды ұйымдар әлі әрекет етуде.
Европол деректері бойынша 2006-2016 жылдар аралығында Еуропала 3232 лаңкестік оқиға тіркелген. Олардың басым көпшілігі (2342) жікшілдік негізде.
Бейбіт демонстрациялар, күш көрсетпей әділдік іздеуге бағытталған жікшілдік бағыт – Батысеуропалық Саяси сипат алған, салыстырмалы түрде қатыгездігімен ерекшеленетін жікшілдік бағыт – Шығысеуропалық 53-Америкадағыгеосаясикеңістік Америкадағы геосаяси кеңістік АҚШ-тың әлемдік саясаттағы ерекше рөлімен, Канада мен АҚШ-тың саяси, экономикалық әріптестігімен, Латын Америкасы мемлекеттерінің ала-құлалығымен сипатталады.
АҚШ-тың ғаламдық геосаясатқа ықпал ету кезеңдері:
АҚШ пен Кеңес Одағы және олардың одақтастары арасындағы қырғиқабақ кезеңі
1991 жылдан қазіргі кезге дейін ғаламдық ірі геосаяси күш ретінде әлемдік тәртіпке ықпал ету кезеңі
ХХ ғасырда халықаралық аренада пайда болған орасан зор жаңа ел Кеңес Одағы ендігі жерде АҚШ-тың барлық саладағы, ең бастысы қарулану ісіндегі негізгі бәсекелесіне айналды.
Әлемдік саясаттанушылар «қырғиқабақ соғыс» деп атаған текетірес кезең 1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауына байланысты аяқталды.
АҚШ ХХ ғасырдың соңына қарай Таяу Шығыс пен Югославия жеріндегі соғыс оқиғаларына белсене кірісті. Нью-Йорк қаласында 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған аса ірі лаңкестік әрекеттерге байланысты АҚШ мемлекетінің Азия аймағына қатысты ұстанған саясаты дүниежүзіндегі саяси күштердің арасалмағын елеулі түрде өзгертті.
АҚП пен Канада арасындағы саяси, әскери ынтымақтастық НАТО аясында жүзеге асуда.
АҚШ, Канада және Мексика арасындағы экономикалық қарым-қатынастар 1994 жылы құрылған НАФТА ұйымы шеңберінде дамуда.
Аралдық мемлекеттерде салық жеңілдіктеріне байланысты халықаралық аса ірі қаржы мекемелері мен оффшорлық зоналар орналасқан. Мысалы, Ұлыбритания иелігіндегі Кайман аралдарында 100 мың компания тіркеліп, 500-ге жуық банк орналасқан, әлемдегі аса ірі 50 банктің 40-қа жуығының осы аралдарда бөлімшесі бар.
Латын Америкасы елдерінің өзара ынтымақтастығы жедел түрде дамуда, аймақтағы ең беделді ұйым – МЕРКОСУР