Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясының мақсатты көрсеткіштері
2012 жылы желтоқсанда мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды.
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» қабылданды.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан 2050» стратегиясы ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
Ынталандыратын макроэкономикалық саясат
Экономикалық секторлардың бәсекеге қабілеттілігі
Дамыған қаржы нарығы
Инвестицияларды белсенді тарту
Өмірдің жоғары сапасын қамтамасыз ету
«Жасыл» экономика және қоршаған ортаны қорғау
Тиімді сыртқы экономикалық саясат
Геосаясаттың мақсаты мен міндеттері
Геосаясат терминінің авторы – швед ғалымы Рудольф Челлен. Ол мемлекетті «кеңістіктегі географиялық ағза» деп, ал геосаясатты «мемлекет туралы ілім» ретінде анықтаған.
Грек оқымыстысы Аристотель осы бағытта біршама құнды пікірлер айтқан. Ол аралдардың геосаяст роліне мән беріп, Крит аралы арқылы Грекияға ықпал етуге болатынын атап көрсеткен.
Геосаясаттың негізгі зерттеу пәні – алуан түрлі аумақтық модельдері бар, аса күрделі дүниежүзінің геосаяси құрылымы. Геосаясаттың ғылыми негізі – географияда.
1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауы әлемдік тәртіпті өзгертіп, екі полюсті әлем көпполюсті сипат алды.
Геокеңістік – өзара байланысқан және даму үстіндегі географиялық нысандар орналасқан аумақ.
Геосаясатта геокеңістікке бақылау жасау ұғымы бар. Ресей саяхатшысы К.Э.Сорокин бұл ұғымды экспансия түсінігімен байланыстырады. Ол экспансияны әскери агрессия ретінде ғана емес, ақпараттық, мәдени, діни, саяси, экономикалық түрде болады деп есептейді.
Экспансия – басым топтардың, мемлекеттердің және т.б. күш көрсету, экономикалық немесе мәдени- ақпараттық ықпал ету аймақтарының кеңеюі.
Саяси географияның негізін қалаған және экспансияның жеті заңын ойлап тапқан неміс ғалымы – Ф.Ратцель