Дамыған елдердің топтары
Дамыған елдерді әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері негізінде мынадай топтарға жіктейді:
«Үлкен Жетілік» деп аталатын жоғары деңгейде дамыған басты капиталистік елдерді «өркениет локомотивтері» деп те атайды. Бұл топқа: АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония енеді.
Жоғары дамыған елдер халықаралық туризм орталықтары болып есептеледі: шетелдік туристерді қабылдау жөнінен Франция (2017 жылы 86,9 млн адам), АҚШ (2017 жылы 76,9 млн адам), Италия (2017 жылы 58,2 млн адам) әлемдегі жетекші елдер қатарына жатады.
Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне: Бельгия, Дания, Норвегия, Нидерланд, Исландия, Испания, Португалия, Швеция, Аустрия, Швейцария, Грекия, Ирландия, Финляндия, Монако, Люксембург, Лихтенштейн, Сан-Марино, Андорра, Мальта жатады.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде Бельгия мен Нидерланд: порт шаруашылығымен (Роттердам, Антверпен порттары); электр техникасы өндірісімен, Норвегия халықаралық теңіз тасымалына мамандануымен; Швейцария қаржы орталықтарымен және станок, сағат өндірісімен; Финляндия целлюлоза- қағаз өндірісімен; Швеция машина жасау және металлургия өнеркәсібімен ерекшеленеді.
Жылыжайлар ауданы жөнінен дүниежүзінде 1-орын алатын ел – Нидерланд
Брюссель қаласында НАТО мен Еуропалық Одақтың; Вена қаласында АЭХА (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік), ОПЕК (мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымы) сияқты ұйымдардың штаб пәтерлері орналасқан.
Швейцарияда – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның, Халықаралық пошта одағыгың штаб пәтерлері шоғырланған.
Қоныс аударған капитализм елдері.
1Бұл елдер дамыған елдердің ерекше топшасын құрайды. 2«Капитализмнің қоныс аударуы» деп дамыған капиталистік елдердегі капиталистік қатынастардың дайын үлгісінің бұрын капиталистік жүйе болмаған елдерге енгізілуін атайды. Бұл елдер тобына 3Ұлыбританияның отары болған елдер жатады. Мысалы: Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы жатады. 4Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерге тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері басым болады.
Достарыңызбен бөлісу: |