Азиядағы жаңа индустриялдық елдер.
Аталған топқа Азиядағы жаңа индустриялық елдердің алғашқы легіндегі елдер енеді. Мысалы: Корея Республикасы, Сингапур, Сянган, Тайвань.
Сингапур мен Корея Республикасын Халықаралық қаржы ұйымдары дамыған елдер қатарына жатқызады, Халықаралық валюта қоры «экономикасы дамыған елдер», Әлемдік банк ресми түрде «табыс деңгейі жоғары елдер», БҰҰ тарапынан адам дамуының индексі өте жоғары елдер ретінде сипатталады.
Сянганда 1891 жылы құрылып, қазіргі кезде қаржы айналымы жөнінен әлемде 6-орын алады. Дамыған елдерде Жер шары халқының 17%-ы тұрады.
Дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму модельдері
-
Дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық модельдерінің сипаттамасы
|
Либералды модель
|
Бұл модельге мемлекеттік меншік үлесі төмен болуы, өндіріс саласында, сауда, инвестиция, жұмыс күшін пайдалануда нарықтық бәсекелестіктің үстемдігі, күрделі әлеуметтік жіктелу тән болады. Бұл модель ХХ ғасырдың бастапқы онжылдықтарында АҚШ-та қалыптасып, осы кезге дейін сақталған. Ұлыбритания, Канада,
Италия, Бельгия және т.б. елдердің экономикасы аталған модельге жақын дамып келеді.
|
Шведтік модель
|
Бұл модель табыстарды кеңінен бөлісу және қоғамдағы топтардың өзара келісімдеріне қол жеткізу арқылы әлеуметтік кепілдіктердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Алғаш рет Швецияда пайда болды. Қазіргі кезде бұл модель басқа да скандинавиялық елдерге,
Аустралия мен Жаңа Зеландияға тән.
|
Германдық модель
|
Бұл модельде нарық бәсекелестігі жағдайында дамитын қоғамды айрықша әлеуметтік инфрақұрылым толықтырып тұрады. Жетілген нарықтық қатынастар мен мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғаудың үйлесуімен сипатталатын бұл модель Германия, Францияда қалыптасып, қазірге дейін осы елдерде үстеп болып
келеді.
|
Жапондық модель
|
Бұл модель мемлекет бірлескен капитализмді белсенді түрде реттейтін және конфуцийлік менталитет негізінде басқарылатын экономика болып табылады. Бұл модельдің таза жапондық тетігі – жергілікті халықтың күрделі табиғи және тарихи жағдайларда, философиялық, діни және адамгершілік құндылықтар негізінде
қалыптасқан психологиялық дәстүрлері.
|
Достарыңызбен бөлісу: |