Географиядан зерттеу тақырыбын таңдау


Дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын заманауи салыстыру факторлары



бет13/53
Дата12.10.2024
өлшемі10,05 Mb.
#206260
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53
Байланысты:
ҰБТ Тақырып бойынша керемет

Дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын заманауи салыстыру факторлары.


ҒТР дамуының жаңа кезеңінде басқару ісіне сұранысты қанағаттандыратын ғылым саласы – кибернетика
Кибернетика терминін ғылымға 1830 жылы француз физигі Ампер енгізген болатын.

Кибернетиканың негізгі қағидаларын 1948 жылы америкалық ғалым Норберт Винер тұжырымдады. Оны кибернетиканың «негізін салушы» деп есептейді


Кибернетика – әртүрлі жүйелерде ақпаратты басқару мен беру үдерістерінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
Экологиялық саясат – мемлекеттегі табиғат қорғау заңнамасы мен оған негізделген мақсатты әрекеттер жиынтығы.
  1. Дүниежүзінің елдерінің шаруашылық құрылымын бағалау








Ел топтары

Елдерге тән ерекшеліктер

1

Аграрлы елдер

Ауылшаруашылықтың үлесі басым елдер. Нашар дамыған елдерде халықтың 73%-ы ауылды жерде тұрады.
Ауылшаруашылық өнімдерінің ЖІӨ құрылымындағы үлесі дамушы елдерде 20% болса, дамыған елдерде 3% құрайды.
Аграрлы елдердің нағыз үлгісі ретінде Сомали мен Сьерра-Леонені атауға болады. (ауылшаруашылығы ЖІӨ-нің 60%-дан астамын береді)

2

Аграрлы-шикізатты елдер

Ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп басым.
Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан көптеген елдерінде валюта түсімін шикізат экспорты береді. Бұл топтағы елдерге Папуа-Жаңа Гвинея, Алжир, Гвинея, Қырғыз Республикасы, Кот-д’Ивуарды жатқызуға
болады.

3

Индустриялық елдер

Өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс басым.
Бұл топшадағы елдерге шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономиканың, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы тән. Жаңа индустриялық елдердің екі негізгі даму үлгісі белгілі: Азиялық үлгі(Малайзия, Таиланд),
Латынамерикалық үлгі.

4

Постиндустриялық елдер

ЖІӨ-нің басым бөлігін қызмет саласы береді. Постиндустриялық елдерге ғалымдар «жаңа экономика» деп атаған экономикалық феномен қалыптасуда. Оның құрылымына: білім беру, ақпараттық-коммуникациялық
нарықтар, инновациялар өндірісі, жоғары технологиялар саласы, ақыл-ой қызметтерін







көрсету жатады. Бұл топтағы елдердің ауылшаруашылығының ЖІӨ-дегі үлес салмағы
2-5% аспайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет