Географиядан зерттеу тақырыбын таңдау



бет1/53
Дата12.10.2024
өлшемі10,05 Mb.
#206260
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ҰБТ Тақырып бойынша керемет



География жоғары сұрақтар тізімі.


  1. Географиядан зерттеу тақырыбын таңдау


Зерттеу пәнінысанның, құбылыс немесе үдерістің зерттелетін қырлары мен ерекшеліктері.
Зертттеу мақсаты – зерттеушінің жоба бойынша жүргізілетін жұмысының түпкі нәтижесі.
Зерттеу міндеттері – зерттеу мақсатына жету үшін жасалуы тиіс қадамдар.
  1. Географиялық мониторинг әдістері


«Мониторинг» термині ғылымға 1972 жылы БҰҰ қоршаған орта бойынша Стокгольм конференциясынан соң ресми енгізілген болатын.
Жер беті ұшақтардан қандай қашықтықтан түсіріледі – 10-20 км
Жер беті зымырандардан қандай қашықтықтан түсіріледі – 80-250 км Жер бетін суретке түсіру үшін ең ұтымды қашықтық – 200-1500 км Қазақстандағы аса ірі мониторинг желісі – «Қазгидромет»
Әуе - ғарыштық әдістер географияда ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап пайдаланыла бастады. Климаттың ғаламдық жылуын көрсететін құбылыс – тауларда «қызыл қардың» пайда болуы
Мониторинг – бақылау, болжау және қорғау мақсатында қоршаған ортаның (атмосфера, гидросфера, топырақ және өсімдік жамылғысы, техногендік жүйелер) жай-күйіне байқау жасау.
Биоиндикация – табиғи ортаның сапасын ондағы тіршілік дүниесінің жай-күйіне қарап анықтау.
Дешифровка – ғарыштық түсірілімдерді бажайлау негізінде талдау әдісі.
Географиялық мониторинг деңгейлері. Географиялық мониторинг 3 деңгейде жүргізіледі: ғаламдық, аймақтық және жергілікті.



Мониторинг деңгейлері

Ғаламдық

Аймақтық

Жергілікті

Ғаламдық деңгейдегі қоршаған ортаның жағдайы

Геоэкологиялық немесе табиғи шаруашылық жағдайлар

санитарлық- эпидемиологиялық және биологиялық жағдайлары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет