Қарағанды облысында геологиялық барлау көлемі артады. Өңірде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 100 мың шаршы метрден астам алаңда Өңірлік зерттеулер көзделген. Бұл моноқалалардың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Өңір аумағында 345 жер қойнауын пайдалану объектілері жұмыс істейді. Облыс минералдық-шикізат базасын дамыту бойынша үлкен әлеуетке ие, деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев. - Мұнда ірі тау-кен кәсіпорындары орналасқан. Соңғы 10 жылда біз өңірдің жер қойнауын пайдалану инвестициясының үш есе өскенін көріп отырмыз. Бүгінгі таңда қол жетімді жер үсті кен орындарының қоры іс жүзінде таусылды, сондықтан жаңа озық технологияларды енгізуді ескере отырып, геологиялық зерттеулердің тереңдігін арттыру қажет. Ал геологиялық барлауды қазірдің өзінде жандандыру қажет, - деді министр. Ол сондай-ақ өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.