Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады.
Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауылшаруашылығының және транспорттың дамуын жеделдетеді.
Қазқстан Республикасы - мұнайгаз және газдыконденсат кен орындарына өте бай мемлекеттердің бірі. Осындай көп орындардың басым көпшілігі Республиканың батыс бөлігінде орналасқан. Сонымен қатар осы батыста әлі де жаңа мұнай-газ кен орындары ашылуда.
Көп қабатты ірі мұнайгаз кен орны Жетібай 1961 жылы ашылған. Кен орны ХІ, ХІІ, ХІІІ горизонттар кіретін VI объектіге арналған игеру технологиялық схемасына сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға 1969 жылы берілді; ені 2,4 км болатын блоктардағы ұңғыларда үш қатар орналастыра отырып ХІІ – объектінің базистік горизонтын және ХІІІ горизонтты 600х600 м бірдей сетка бойынша бұрғылау ұсынылды.
1972 жылы ІІІ объектінің (ІХб, Х горизонттар) игерілуінің технологиялық схемасы жасалды, соған сәйкес жер қыртысы 600х600 бірдей сетка бойынша бұрғыланады.
1974 жылы ВНИИ қыртыстың мұнай, сол секілді мұнайгаз аймақтарында суды ішкі контурлы түрде айдауды көздейтін ІХ. Х, ХI горизонттардың мұнайгаз қыртыстарын игерудің технологиялық схемасын жасады.
Жоғарыда аталған ескертпелерге сәйкес Жетібай кен орнын барлаудың нақты жобасы үш түрлі нұсқада ұсынылды: 1 нұсқа базалық – ВНИИ жобасы бойынша (1976 ж.) жалпы саны 1643, оның ішінде бұрғылауға арналғаны – 833 болатын ұңғымалармен бұрғылауды жалғастыру; 2 және 3 нұсқалар сеткаларының тығыздығымен ерекшеленеді, мұнда 2 нұсқа үшін барлығы 2279, оның ішінде бұрғылауға арналғаны – 1519 болды, ал 3 нұсқа үшін барлығы 2783, оның ішінде бұрғылауға арналғаны – 2023 ұңғыма болды.
Жер қыртыстарының геологиялық сипаттамасы, пайдалану объектілерінің бөлінуі, ұсынылған нұсқаларда барлауға арналған ұңғымалардың жалпы саны, сондай-ақ мұнай өндірудегі кедергілерді ескерту мәселелері сияқты негізгі ережелер мен қағидалар Барлау басқармасының 17.01.84 жылғы қаралған тиісті материалдарына ұқсас.
Ендіруге 18 жыл бойы тұрақты өндірумен және бекітілген қорларды алумен қамтамасыз ететін 2 нұсқа ұсынылды.
Осы "дипломдық жобаның" негізі болып отырған Жетібай кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.
Жазылған дипломдық жұмысым осындай кен орнының негізгі мәселелеріне талдау жасауға арналған.