Геологиялық БӨлім 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4


Құбырларды жобалаудың негізгі міндеттері



бет14/24
Дата30.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#155669
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі

2.11 Құбырларды жобалаудың негізгі міндеттері.
Мұнай кен орны алаңын орналастырудың жобасын жасаған кезде ең алдымен берілген кен орнының игеру жобасында қарастырылған скважиналардың орналасуы басшылыққа алынады.
Аймақтағы құбырдың жағдайын анықтайтын желі құбырдың трассасы болып табылады. Аймақтың жоспары немесе картасына түсірілген бұл желі трассаның жоспары деп аталады.
Егер аймақтың жер бедері мүмкіндік берсе күрделі шығындарды азайту үшін құбырлардың трассасын табиғи және жасанды кедергілерді қиып өтуінің минимал санымен және жүретін жолдарға максимал жақындықпен түзусызықты белгілейді. Көбінесе жоғарыда аталған барлық талаптарды бір уақытта қанағаттандыру қиын. Сол кезде құбырларды төсеу трассаларының бірнеше нұсқалары қарастырылады да, техника-экономикалық салыстыру жолымен тиімдірегін таңдайды.
Сол сияқты кен орында құбырларды жобалау келесідей негізгі сәттерден құралады:
1) құбырлардың трассаларын таңдау;
2) құбырдың тік бағытта орналасуын оның кез-келген нүктесінде теңіз деңгейіне қатысты сипаттайтын көлденең қималарын тұрғызу;
3) құбырлардың есептік диаметрлерін, сонымен қатар құбырлар бойынша мұнай, газ және судың шығындарын анықтау;
4) мұнай-газ-су құбырларының жылулық және механикалық есебі.
Өздігінен ағатын құбырлар қазіргі уақытта қолданылмайды. Әрине бұл құбырлардың трассаларын таңдау туралы жалпы түсінік. Себебі, көне кен орындарда олар әлі де пайдаланылады.
Өздігінен ағатын жинаушы коллектордың трассаларын таңдағанда әдетте мұнай қозғалысының бағытына қарай аздап еңістігімен шектеледі және таулар мен жоталардың болуы олардың жолын едәуір ұзартады. Қызмет ететін топтық өлшеу пунктерінің саны да өседі.
Арынды - өздігінен ағатын коллектордың трассаларын таңдағанда қабылданған еңістер коллектордың өнімділік қасиетін азайтатын “газ қапшықтарының” түзілуін есепке алмайды.
Еркін - өздігінен ағатын коллектордың трассаларын жобалағанда мұнайдың қозғалысы құбырдың көлденең қимасын толтыратын учаскелерден алшақтаған жөн. Себебі бұл жағдайда коллектордың өтімділік қасиеті төмендейді.
Жобаланатын арынды құбырлардың трассалары неғұрлым қысқа болуы қажет. Бұл құрылыс кезінде, әсіресе пайдаланғанда ыңғайлы.
Сораптар арқылы мұнай айдалатын тауарлы мұнай құбырының трассаларын жобалағанда талаптар аз қойылады.
Мұнайдың жоспарланған тасымалдану көлемін қамтамасыз ететін өздігінен ағатын мұнай құбырларын таңдауға қатал талаптар қойылады.Оларды есептеу де қиын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет