Геологиялық БӨлім 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4


Жинау жүйесінің жұмыстарындағы қиыншылықтар және олармен күресу



бет10/24
Дата30.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#155669
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі

2.4 Жинау жүйесінің жұмыстарындағы қиыншылықтар және олармен күресу
Жинау жүйесінің жұмыстарында коррозия, парафин және тұздардың шөгуінен қиындықтар туындайды. Жабдықта тұздың шөгуінің негізгі себебі — мұнайды өндіру мен тасымалдауда қабат қысымын ұстап тұру үшін теңіз суын қолдануға байланысты.
Құрамында елеулі мөлшерде сульфат - иондары бар теңіз суы қабат суынан айрықша ерекшеленеді. Қабат суларында кальций 10000 мг/литрге дейін, сонымен қатар барий 200 мг/литрге дейін жетеді. Тұз шөгінділері тығыз, қатпарлы, 79-89 барий сульфатынан тұрады. Органикалық емес тұздардың түзілуін болдырмау мақсатында ингибиторлеу әдісі тұз түзілуімен күрестегі әдістердің ең тиімдісі болып табылады. Зерттеулердің нәтижесінде Жетібай кен орны үшін СНПХ-5301, “Виско” және “порексит-7647” реагенттерінің ингибиторлеу қасиеті жоғары екені байқалды. Айдалатын сұйықпен бірге қабатқа жіберілетін ілеспе - өндірілетін судың 1м көлеміне скважиналарды өңдеген кезде 10 гр реагент қосылады. Жабдықтарды тұз шөгінділерінен қорғау үшін мұнайды жинау мен дайындау жүйесінде ингибиторларды үнемі мөлшерлеу жүргізіледі.
Парафинді шөгінділер жоғары молекулалы майлар, сулар, механикалық қоспалар мен асфальтты – шайырлы заттары бар қатты көмірсулардың күрделі қоспасы. Кәсіпшілік құбырларда парафин шөгінділерінің түзілуіне жағдай жасайтын келесі факторлар:

  • Мұнайда, оны суытқан кезде ерітіндіден түсетін парафиннің қатты бөлшектерінің кездесуі (температура факторы);

  • құбырда еркін газдың болуы.

Парафин шөгінділерін еріту СНПХ-7р-1, СНПХ-7р-2 типті еріткіштермен, газконденсатпен, бумен, ыстық сумен жүргізіледі. Парафин шөгінділерін болдырмау мақсатымен 1972 жылдан бастап Толқын кен орнындағы барлық скважиналар қоры бокситті-эпокситті жабындылары бар құбырлармен жабдықталды. 1984 жылдан бастап “КазНИПИнефть” институты коррозияға қарсылық қасиеті жоғары, қышқыл мен қызуға беріктілігі бар эмаль жабындыны игеруі ұсынды. Эмаль негізінен кремний, бор, натрий, амоний, титон және тағы да басқа элементтердің қышқылдарынан тұратын силикатты шыны. Қазіргі уақытта эмальдау цехында құбыр бөлшектерін осындай эмальмен жабу басталды.
Жабдықтардың парафинделуін азайтудың тағы бір әдісі салқын мұнайға ыстық мұнайды араластыру жолымен температураны көтеру болып табылады.
Өндірістік басқармада қолданылатын коррозиядан қорғау әдістерінің реті мынадай:
- ингибиторлеу;
- резервуарлардың ішкі беттерін желімді композициялармен жабу;
- құбырлардың сыртқы беттерін катодты қорғау.
“Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасында мұнайды дайындаудың орталық пунктінен (ЦППН) блокты тармақталған сорапты станцияға (БКНС-3) дейінгі ағынды судың су құбырлары ингибиторлеумен қорғалады. Қорғау үшін Норует-РА-23/Д шет ел ингибиторы қолданылады. Бұл реагенттің нәтижесінде 23 г/м үнемі мөлшерлеу кезінде қорғаудың тиімділігі 25-92 пайызды көрсетті. Сорапты компрессорлы құбырлар да коррозияға ұшырайды. Бұзылудың сипаты язвалы, коррозия жылдамдығы 3-5 мм/ жылына жетеді. Құбырлардың нақты қызмет ету мерзімі 1,5-2 жылды құрайды. Шегендеу құбырларының тізбегін сыртқы коррозиядан қорғау катодты қорғаудың көмегімен жүзеге асырылады. “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасында 576 скважина катодты қорғаумен қамтылған. Қорғайтын құбырлардың ұзындығы 364 шақырымды құрайды. Құбырларда жекелеу (шамамен 50) мен жекелеуші фланецтердің болмауының салдарынан қорғау потенциалының нормативті шамасы толық қанағаттандырылмайды. Скважиналар мен құбырлар катодты қорғаумен толық қамтылмаған. Диаметрі 300-350 мм мұнай жинайтын коллекторлардың коррозиясы келесі себептерге байланысты:
- тасымалданатын мұнай эмульсиясының мұнай мен су фазаларына бөлінуі;
- су фазасында еріген күкіртсутектің (10 мг/литрге дейін) болуы;
“канавка” түріндегі электрохимиялық үрдістің күшеюіне әкелетін құбырдың төменгі бөлігіндегі қорғау қабыршағының түсуіне жағдай жасайтын су фазасынан механикалық қоспалардың (құм, саз, коррозия өнімдері) бөлінуі. Мұнай қауіпті көрністерден қорғау шаралары зерттеу жұмыстарында жай қарқынмен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет