2.9 Реагенттер — деэмульгаторлар. Оларды Жетібай кен орнында мұнайды дайындау үшін таңдау әдістері. Лабораториялық жағдайларда Маңғыстау мұнайларын сусыздандырғанда олардың мүмкіндіктері мен тиімділіктері арттыру мақсатында шамамен 8 шет елде және 10 елімізде шығарылған реагенттер зерттелді. Зерттелетін реагенттердің деэмульгирлеуші қасиеттері әйгілі реагент “Диссольван — 4411” активтілігімен салыстырылды шет ел реагенттерінен “Сипарол”, “Серво”, “Дауфанс”, “Прохинор”, “НОЕ”, “Меритен” типті және тағы да басқа деэмульгаторлар сыналды. “Сипарол” типті реагенттер Маңғыстау мұнайлары үшін жоғары деэмульгирлеуші қасиетке ие екендігі анықталды. “Антимуллин” типті деэмульгаторлар сапалы мұнай алуды қамтамасыз ете алмады. “Диссольван-4411” және “Серво-6602” реагенттері өнеркәсіптік сынақтан өтіп Жетібай мұнайы үшін тиімділігін көрсетті. ФРГ “Хехст” фирмасының “Диссольван-4411” реагенті 80-120 г/т меншікті шығынмен Толқын мұнайын дайындауда ұзақ уақыт қолданылды. Бұл реагентті қолданғанда мұнайдың сулануы 0,2-0,5 пайызға дейін төмендеді. Сонымен қатар Толқын мұнайы үшін меншікті шығыны 100 г/т болатын “Прохинор-IR-77” реагент-деэмульгаторында тиімділі жеткілікті болды.
1984 жылдан бастап меншікті шығыны 128 г/т болатын әйгілі “Дипроксамин 157-65 м” мен ГДР “Буна” фирмасының “Прогалит” деэмульгаторы енгізілді.
2.10 Мұнай кен орнындағы құбырлардың жіктелуі
Мұнай кен орындары алаңдарындағы скважиналардың өнімдері жиналатын және тасымалданатын құбырлар мынадай негізгі категорияларға бөлінеді:
тағайындалуы бойынша – мұнай құбыры, газ құбыры, мұнай-газ құбырлары;
сұйық қозғалысының сипатына қарай – мұнай, газ және судың араласқан және бөлек қозғалысымен;
арын сипатына қарай – арынды және арынсыз;
жұмысшы қысымның шамасына қарай – жоғары қысымды 6,27 МН/м2 (64 кг/см2 ), орташа қысымды орташа қысымды 1,55 МН/м 2 (16кг/см2 және төмен қысымды 0,588 МН/м2 (16кг/см2);
төселу әдісіне қарай – жер асты, жер беті, аспалы және су асты құбырлары.
қызметіне қарай:
а) скважина сағаларынан топтық өлшеу қондырғыларына дейін созылатын лақтыру желілері;
б) мұнай, газ және мұнай – газ – су жинаушы коллекторлар;
в) тауарлы (транзитті) мұнай құбырлары.
Қабат қысымын ұстап тұру мен эксплуатациялық скважиналардың фонтандауын ұзарту мақсатында айдау скважиналарына су тарататын және беретін құбырлар келесі категорияларға бөлінеді:
а) өз бастауларын екінші көтерілімнің сорапты стансасынан алатын магистралды су құбыры;
б) магистралды су құбырларынан шоғырлы сорапты стансаларға (КНС) дейін төселетін жеткізуші су құбырлары;
в) шоғырлы сорапты стансадан (КНС) айдау скважиналарына дейін төселетін таратушы су құбырлары;
г) жұмыстың гидравликалық үлгісі бойынша тармақталмайтын жай құбырлар және тармақталатын күрделі құбырлар. Сонымен қатар тұйықталған (сақиналы) құбырлар да кұбырларға жатады.