2.7 Жетібай кен орнында мұнай, газ және суды дайындаудың технологиялық үрдісі мен қолданылатын жабдықтардың технологиялық тәртібі
“Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасында мұнайды дайындаудың аралас әдісі қолданылады. Осы мақсатта кен орнында келесі құрал-жабдық қондырғылары қолданылады:
1. “Турбоквант” типті турбинді өлшегіштерден мұнайды есепке алу пункті (ПУНК) 2 дана
2. ОТ-200 тұңдырғыштары 4 дана
3. мұнайға арналған УНС-18085 сораптары 4 дана
4. мұнайды қыздыру үшін ПТБ-10/64 пештері 3 дана
5. РВС-5000 технологиялық резервуарлары 3 дана
6. РВС-5000 тауарлық резервуарлары 4 дана
7. РВС-5000 суды дайындауға арналған резервуарлар 2 дана
8. Суды қайта айдауға арналған 8НДВ сораптары 6 дана
ПТБ-10 пештің технологиялық тәртібі
Номиналь өнімділігі — 10000 т/тәул.
Жылулық қуаты — 10 ккал/сағ
Қыздыратын ортасы — мұнай, мұнай эмульсиясы.
Қыздырудың максимал температурсы — 90С-ге дейін.
Ортаның жұмысшы қысымы — 6,4МПа
Отыны — табиғи немесе ілеспе газ.
Отынның шығыны — 1600 Н. м/г.
Электрлі қозғалтқыштың қуаты — 55 квт.
Блоктар саны — 3 дана
ОГ-200 тұндырғышының технологиялық тәртібі
Жұмыс ортасы — мұнай, газ, қабат суы.
Жұмысшы қысымы — 6 МПа
Сынау қысымы — 9 МПа
Ортаның температурасы — 100С-ге дейін
Эмульсияның сулануы — 30 пайызға дейін
Кері мұнайдың сулануы — 1 пайызға дейін
Өнімділігі — 3000-6000 т/тәул
2.8 Мұнай, газ және суды дайындаудың технологиялық үрдісінің сипаты
Шикі мұнай екі кәсіпшілікпен (ЦДНГ-1 және ЦДНГ-2) жинау корректорларымен (2 дана) мұнайды айдау мен дайындау цехына (ЦППН) келіп түседі. Скважина өнімінің сулануы орта есеппен 50-60 пайызды құрайды, температурасы 30С. Келіп түсетін сұйықтың көлемі тәулігіне 11-13 мың м3-ті құрайды.
Мұнайды есепке алу пункті (ПУН) мен сүзгілердің алаңына өткесін сулы мұнай ПТБ-10 пештеріне (2 дана) келіп түседі де 45-50 С температураға дейін қыздырылады. Сосын құрамындағы қабат суынан айырылуы үшін ОГ-200 тұңдырғыштарында (4 дана) тұндырылады. Тұндырғыштардан кейін жартылай сусыздандырылған мұнай (сулануы 30 пайыздан аспайды) соңғы сепарациялау қондырғысына (КСУ) құйылады. Мұнда 0,098 МПа қысымда газдан мұнайдың айырылуының екінші сатысы жүреді. Мұнайдан бөлінген газ сепараторлардың қабылдау алаңынан өтіп, сығымдайтын компресорлар стансаның компресорларының қабылдауына түседі. Газ 0,5 МПа қысыммен сығылғаннан кейін газ жинаушы коллекторға бөлінеді.
Жартылай сусыздандырылған мұнай соңғы сепарациялау қондырғысынан кейін технологиялық сораптардың қабылдауында болады. Технологиялық сораптар арқылы ПТБ-10/64 пештеріне (3 дана) беріліп, онда 60-70С температураға дейін қыздырылады.
Ары қарай мұнай 11, 12, 13 РВС-5000 технологиялық резервуарларға (3 дана) түседі. Мұнда мұнайды биіктігі 5 метрден 7 метрге дейінгі ағынды судың қабатымен жуу арқылы мұнайдан судың толық бөлінуі жүреді. Мұнай технологиялық резервуарлардан сорап арқылы 10 РВС-5000 тауарлы парктің резервуарларына (4 дана) беріледі. Тауарлы парк резервуарларынан кейін мұнай тұтынушыға тапсырылады.
Тұндырғыштар мен технологиялық резервуарлардан бөлінген ағынды сулар РВС-5000 тазартылмаған судың резервуары жиналады. Тазартылмаған судың резервуарында тұндырылған су өз арынымен РВС-5000 тазартылған судың резервуарлы - ыдысына құйылады. Резервуардан Жетібай кен орнының мұнайлы қабатына су айдау үшін қабат қысымын ұстап тұру жүйесіне сораптар арқылы сығылып беріледі. Резервуарда жиналған мұнай технологиялық резервуарларға айдалу үшін сораптың қабылдауына беріледі.
Қондырғыда қазіргі уақытта қондырғыдағы бөшкелерге келіп түсетін “прогалит” реагенттері қолданылады. Реагент бөшкелерден көлемі 5 м3 металл ваннаға құйылады, одан деңгей өлшегіші бар реагенттерге арналған ыдысқа сораптармен сығылып беріледі. Бұл ыдыстан реагент мөлшерлегіш сораптармен су-мұнайлы эмульсия ағынына беріледі.