Геологиялық БӨлім 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



бет22/24
Дата30.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#155669
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі

5.3.3 Литосфераны қорғау


Жер қойнауын ластайтын деңгейді төмендететін шаралар 4-ке бөлінеді.
1. Ұйымдастырылған шаралар;
2. Технологиялық шаралар;
3. Проектілі-конструкциялық шаралар;
4. Санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар;
Ұйымдастырылған шаралар: қалдықтармен айналысатын ұйым; кен орын территориясы бойынша техникалар және авто көліктер қозғалысы мен ұйымы;
Технологиялық шаралар: Бұрғылау, қондырғыны тасымалдау, техникалық қайта құнарлату кезінде жер бедерінің ластануымен байланысты жұмыстарды жүргізу.
Проектілі-конструкциялық шаралар: Табиғатты қорғау органдарын бақылайтын игеру жобаларын тексеру және үйлестіру; жер қойнауының ластануының төмендеуіне бағытталған проектілі-конструкциялық шаралар шешімдерін қолайлы таңдау.
Санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар: Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды көметін жерлерді үйлесімді таңдау және ұйымдастыру; аса қауіпті инфекциядан адамдарды эпидемияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында жерді биологиялық қайта құнарландыру экономикалық тұрғыда қарастырылмаған. Осыған байланысты тек қана жерді мынандай техникалық қайта құнарландыру шаралары қарастырылған:
● темір-терсек жинау;
жер бедерін жобалау;
● уақытша су ағындарын реттеу және т.б.;
Қалдықтарды жою және жинауды ұйымдастыру
Қалдықтардың негізгі жиналатын жерлері:
1. мұнай кәсіпшілігі;
2. құрылыс алаңдары;
3. өндірістік базалар;
4. вахталы поселкісі;
Осыдан басқа кішігірім өндірістік, құрылыстық және көмекші алаңдар бар.
Қалдықтарды жою және жинау әдістерін таңдау кезінде келесі факторларды ескеру керек: жергілікті жер бедері мен географияның ерекшеліктері, жердегі сулардың жағдайы мен ерекшеліктері, жиналған атмосфералық жауын-шашындар, жер жағдайы, дренажды жағдайлар, осы территорияның экологиялық сезімталдығы, ауа атмосферасының сапасы және басқа да геологиялық пен экологиялық жағдайлар.
Литосфераны тиімді қорғайтын мынадай шаралар бар:
● бұрғылау жұмыстары кезінде жерге тиісті шараларды ескеру;
● құм жолдарының санын шектеу;
● жерді құнарландыру шараларын іске асыру;
● жер жағдайына бақылауды ұйымдастыру;
Адамға әсер ететін қоршаған ортаны ластайтын қауіпті заттар шу, электромагниттік және радияциялық сәулелену, лазерлер және ультрадыбыстар болып табылады.
Атмосфераның ластануы құрылыс материалдарының, резиналық, металдық және басқа да бұйымдардың тез бұзылуына себеп болады. Химиялық құрамы күрделі болатын заттар халық денсаулығына ең үлкен қауіп төндіреді. Сонымен бірге жұмысқа қабілеттілікті азайтып және науқастануды көбейте отырып ел экономикасына да кері әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет