Геологиялық БӨлім 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4


Өндірістік басқарманың объектілерін статикалық электр қуаты мен найзағайдан қорғау



бет20/24
Дата30.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#155669
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі

4.2 Өндірістік басқарманың объектілерін статикалық электр қуаты мен найзағайдан қорғау


Барлық қондырғылар мен объектілерде “химиялық, мұнайхимиялық өндірістерді және мұнай өңдеу өнеркәсібін статикалық электр қуатынан қорғау ережелерімен” қарастырылған талаптар орындалады.
Адамдардың қауіпсіздігі және ғимараттар мен жасақтардың сақталуы үшін, сонымен қатар жабдықтарды бұзылыстардан, өрттенуден және найзағайдың тура соққыларынан болатын жарылыстардан қорғау үшін “ғимараттар мен жасақтардың найзағайдан қорғанышын орналастыру мен жобалау бойынша нұсқаларға” сәйкес найзағайдан қорғаныш орнатылады:
- жерге қосатын сымдардың жалпы кедергілерін азйту үшін өндірістік құбырларды пайдалануға рұқсат етілмейді;
- ғимараттардың ішінде, сондай-ақ сыртында орналасқан резервуарлар, газ құбырлары, өнім құбырлары, қую-құйып алу қондырғылары, желдеткіш қондырғылар, барлық металл аппараттар статикалық электр қуатының разрядтары мен найзағайдың екінші пайда болуынан қорғалуы үшін жерсіңдіруші нұсқаға жалғануы керек;
- жеке орнатылған аппараттар мен резервуарлардың өз жерсіңдіргіштері болуы керек немес жалпы жерсіңдіруші нұсқаға жалғануы керек. Бірнеше аппараттар мен резервуарларды жерсіңдіруші өткізгішпен тізбектен қосуға болмайды;
- найзағайдан қорғау мен жерсіңдіруші қондырғылардың журналда жазылған және акт құрылған, қондырғының бастығымен бекітілген графиктер мен нұскауларға сәйкес мерзімі көрсетілуі қажет;
- мұнай мен тез тұтанғыш өнімдерді резервуарлар мен темір жол цистерналарына сорғалатып құюға болмайды.
Резервуарларды толтырғанда сұйықтың деңгейіне мән берілуі қажет. Өнім құйылатын құбыр резервуардағы өлі қалдық деңгейінен төмен болуы керек.
Найзагай ойнағанда мұнай мен тез тұтанғыш өнімдерді құюға, сонымен қатар олардан сынама алуға болмайды.

4.3 Топтап өлшейтін қондырғыларды найзағайдан қорғау


Топтап өлшейтін-сепарационды қондырғы құрамына топтап өлшейтін қондырғы (ГЗУ), өздігінен ағатын жинау коллекторы, бөлімшелік саңылаусыздандырлмаған резервуарлар, сорап, жинау коллекторлары, шикізат резервуарлары, газ жинаушы құбыр кіреді. Топтап өлшейтін-сепарационды қондырғы электрлі қондырғылардың құрылғылары ережелерінің (ПУЭ) В-1а және В-1г кластарына жатады.
Өз кезегінде, электрлі қондырғылардың құрылғылары ережеерінің (ПУЭ) В-1 және В-2 кластарына жататын ғимараттар мен жасақтар құрылғыларына қарай найзағайдан қорғаудың 1 категориясына кіреді.
Топтап өлшейтін қондырғылардың объектілері қосылатын, 1 категорияға жататын ғимараттар мен жасақтар Қазақстанның барлық аймағында найзағайдан қорғалуға міндетті деген ұсыныстар йтылған.
Бұл найзағайдан қорғау қондырғысының категориясын дұрыс анықтау қарастыралатын топтап өлшейтін қондырғылардың объектісін пайдалану үшін қажетті шарт болып табылатын туралы айтады.
Ғимараттар мен жасақтар қорғау аймағын қамтамасыз ететін жеке тұрған стерженді немесе арқанды найзағай бағыттауыштармен қорғалады.
Топтап өлшейтін қондырғының найзағайдан қорғанышын жобалау үшін жұмыстағы ұсыныстарды пайдаланамыз. Стерженді найзагай бағыттауыштың қорғау аймағының құрылысы мен есебі Г.М.Кржижановский атындағы энергетикалық институт ұсынған әдіс бойынша жүргізеі.
І құрылысқа топтап өлшейтін қондырғы мен өздігінен ағатын жинау коллекторы жатады. ІІ құрылысқа - бөлімшелік саңылаусыздандырылмаған резервуарлар, сорап пен жинау коллекторы. ІІІ құрылысқа - шикізат резервуарлары, газ жинаушы құбыр.
Ұсыныстарға сәйкес берілген жасақ кешенін қорғау үшін 2 стерженді найзағай бағыттауышты қолданған жөн. Ол үшін І құрылысқа жататын 1-найзағай бағыттауыштың оптимал биіктігін (h) табамыз.
(4.1)
Берілген жағдайда 1-2 қос қабат стержньді найзағай бағыттауыштың өсі бойынша жасаққа дейін созылған қашықтық пен найзағай бағыттауыштан жасаққа дейінгі қашықтықтың қосындысы шамасы керек.
ІІ қрылыс бөлігіне қатысты 1-найзағай бағыттауыштың оптимал биіктігін анықтаймыз.
(4.2)
(4.3)

Осылайша 2-найзағай бағыттауыштың және биіктіктерін есептейміз, бұл кезде өрнекке найзйғай бағыттауышқа жақын орналасқан ІІ құрылыс бөлігіне сәйкес және мәндері енгізіледі.
(4.4)
(4.5)
Типтік конструкциясын бағдарлап бірінші және екінші стерженді найзағай бағыттауыштардың биіктіктерін есептеу үшін 25 м және 35 метрге тең деп қабылдаймыз. Кейін найзағай бағыттауыштардың есептеу үшін қабылданған биіктіктерінен шығатын қорғау аймақтары мен тұрғызудың есебіне келеміз.
2-найзағай бағыттауыштың вертикал жазықтығындағы пайда болатын қорғау аймағын тұрғызамыз. Ол үшін найзағай бағыттауыштан 0,75 h және 1,5h қашықтықта орналасқан А және В нүктелерін сәйкесінше найзағай бағыттауыштың төбесі мен 0,8h биіктікте орналасқан В нүктесін түзу сызықпен қосамыз. Екі сызықтың қиылысу нүктесі арқылы өтетін қисық іздеп отырған қоргау аймағының шекарасы береді.
денгейдегі 2-найзағай бағыттауыштың қорғау радиусын аңықтаймыз.
болғандықтан мына өрнекті қолданамыз:
(4.6)

Осы ретпен 1-найзағай бағыттауыштың да қорғау радиусын деңгейде анықтаймыз.
(4.7)
Сосын 1-найзағай бағыттауыштың төбесінен 2-найзағай бағыттауыштың пайда болған қорғау аймағымен қиылысына дейін көлденең сызық жүргіземіз. Қиылыстырудан алынған Г нүктесі 1-найзағай бағыттауыштың биіктігіне сәйкес келеді және алдағы есептеулерде фиктивті найзағай бағыттауыштың төбесі деп қабылданады.
1-найзағай бағыттауыш пен фиктивті найзағай бағыттауыштың қорғау аймағының жоғарғы шекарасын анықтаймыз. Ол үшін центрі 1-найзағай бағыттауыштан L қашықтықта орналасқан І-І өсте - биіктіктен R- радиуспен 0- нүктесі арқылы доға жүргіземіз.
- шамасын мына өрнектен табамыз:
(4.8)

Шеңбердің радиусын мына өрнектен аламыз:
(4.9)
Қорғау аймағының ені деңгейде былай болады:
(4.10)

Сонымен есептеулер көрсеткендей І және ІІ қорғау жасақтарының барлық бөлігі стерженді найзағай бағыттауыштардың қорғау аймағында орналасқан.

4.4 Найзағайдың екіншілік әсерінен қорғау


Найзағай бағыттауыш қондырғы немесе оған жақын жерлерде найзағайдың тура соққысынан екіншілік әсер пайда болады, ол электростатикалық индукция түрінде байқалады. Сондықтан құрылысы бойынша найзағайдан қорғаудың І категориясына қатысты жасақ (ГЗУ) найзағайдың екіншілік әсерінен қорғауға жатады.
Электростатикалық индукциядан қорғау үшін объектінің периметрі бойынша жабдықтың жерсіңдіруші нұсқасымен жалғасқан “Фарадей торына” ұқсас тор жасау қажет және жеткілікті, сонымен қатар конструкцияның металл элементтері мен объектінің коммуникациясы. Экрандаушы тор негізінен объектінің металл табаны мен табанға әр 15-20 метр сайын қосылған тік тоқ бағыттауыштардан құралады. Тоқ бағыттауыштар арнайы жерсіңдіруші құрылғыға R=10см радиуспен жалғанады. Электромагнитті индукциядан қорғау үшін тұйықталмаған нұсқалардың пайда болуына жол бермейтін құбырлар арасында олардың өзара жақындасқан жерлерінде 10 см және одан да аз қашықтықта әрқайсысының ұзындығы 20 см металл бөгеттерді пісіру керек.
Құбырлардың элементтері мен қорғалатын жасақта орналасқан басқа да созылған коммуникацияларды біріктіргенде бір шектескенде 0,0003 Ом-нан аспайтын өтпелі электр кедергісінің мәнімен шектесуді қамтамасыз ету қажет. Егер біріккен жерлерде бұл шарт сақталмаса диаметрі 5 миллиметрден жоғары болат өткізгіштерден немесе қөлденең қимасы 2 мм-ден жоғары болат ленталардан жасалған бөгеттер құрылғысы қажет.

4.5 Жерсіңдіруші құрылғының есебі.


Жерсіңдіруші найзағай бағыттауыш қондырғының тізбектелген тізбегінің соңғы элементі болып табылады. Найзағай тоғын жерге бағыттауға және қондырғының жерге қатысты жеке бөліктерінің тоғын азайтуға арналған.
Тағайындалуы бойынша жерсіңдіршілерді екі түрге бөлеміз:
- найзағайдың екіншілік әсерінен қорғаудың кешеніне және жоғары потенциалдар қорына кіретін жерсіңдірушілер. Жерсіңдіршілердің бірінші тобы үшін ағатын тоқтың импульсті кедергісін (импульсті тәртіп) есептеу қажет;
- екінші топ үшін өнеркәсіптік жиіліктегі тоқтардағы ағу кедергісін (стационарлы тәртіп), яғни найзағайдың екіншілі әсерін. Жерсіңдіруші ретінде грунттық жерсіңдірушіні қабылдаймыз. Жерсіңдірушінің есебін 380В кернеумен жұмыс істеп тұрған сорапты қондырғы үшін грунттың 10% ылғалдылығында жүргіземіз.

  1. Жердің мүмкін кедергісін R=4 Ом деп қабылдаймыз.

  2. Көлденең электродтардың өлшемдері мен грунтқа бату тереңдігі t=1,75м; l=2,5м; d=10мм.

  3. Грунттың 10% ылғалдылықта байқалған меншікті кедергісі

  4. Грунттың есептік кедергісін деп қабылдацмыз. Мұндағы климаттық аймақтағы тік электродтар үшін мезгілдік (сезонность) коэффициенті:

қалыпты ылғалдылықтағы жердің жағдайын ескеретін коэффициент.
(4.11)
Грунтқа батырылған қөлденең стержен үшін грунт кедергісін есептейміз.
(4.12)
Мұндағы көлденең электродтар үшін коэффициент.
қалыпты ылғалдылықтағы жердің жағдайын ескеретін коэффициент.
(4.13)

  1. Бірлік жерсіңдірушілердің кедергілерін анықтаймыз.

а) грунтқа тігінен батырылған стерженді бірлік жерсіңдірушінің кедергісі:
(4.14)
Мұндағы Р=110 Ом- грунттық есептік кедергісі
L=2.5- электродтың ұзындығы
D=10 мм-электродтың диаметрі
t=1.75 м- батырылу тереңдігі

б) грунтқа көлденең батырылған стержньді бірлік жерсіңдірушінің кедергісі:
(4.15)

6) грунттық жерсіңдірушінің кедергісін анықтаймыз.
(4.16)
Мұндағы мен -тік және көлденең жерсіңдірушілердің коэффициенттері.
R=1-вертикал электродтардың саны.

Есептеуден алынған грунтық кедергі қабылданған кедергіні; шартты қанағаттандырады.


5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ


Кез келген кен орындағы қолданылып жатқан технологиялық процестер биосфераның ластануының негізгі көзі болып табылады.


Бұл “қоршаған отаны қорғау” бөлім толығымен мұнай өнеркәсібіне арналып жазылған.
Объектің негізгі технологиялық процестері: өндіру, кәсіпорынның жинау жүйесіндегі пайлану, газды өңдеу. Көмекші объекттер: жөндеу қызметтері, лабораториялар, материалдар мен реагенттерді сақтау және т.б.
Көпшілік кәсіпорындар қоршаған табиғи ортаны мына себептердің нәтижесінде ластайды:
1. Мұнай және газ кен орындарын өндіру мен игеру процесінде ілеспе газды факелдерде жағу;
2. Булану аймағына ілеспе қабат суларын төгу;
3. Кен орнын игеру кезінде ұңғы өнімін жер бетіне төгу;
Мұнай және газ өнеркәсібінің ірі кешендердің және тұрғылықты жерлердің барлығында табиғаттың барлық компоненттері бар (ауа, су, өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі және т.б.). Су қоймасы және жер сфераларына жыл сайын 3 млрд.тоннадан аса қатты өндірістік қалдықтар, 500 км3 қауіпті су ағындары және 1 млрд. т. шамасында химиялық құрамы мен көлемі бойынша әр түрлі аэрозолдар төгіледі.
Мысалы: газды жағу факелдарын жою үшін көп өндірістерде ілеспе газды өңдейтін кішігірім зауыттар салынады.


5.1 Атмосфераны, литосфераны, гидросфераны ластану көзі ретінде технологиялық процестерді талдау


Біздің қарастырып отырған кен орындағы қоршаған табиғи ортаны ластайтын көздер газ өңдеу зауыты, кәсіпорынның жинау жүйесі, мұнай тауар парктері, сораптар, реагенттер қоймасы, тазалау құрылымдары, газ турбинды станциялары, резервуар парктері, газбен жанатын пештер болып табылады.
Ластауға әсер ететін көздердің бірі Жетібай мұнайгаз өңдеу зауыты болып табылады, оның негізгі технологиялық процестері мыналар:
Мұнайды 1-ші және 2-ші сатыда сепарациялау;
Мұнайды дайындау қондырғылары;
резервуарлы парктер;
Ілеспе газды қысу;
Моноэтаноламин ерітіндісімен газды күкірт сутек пен көмір қышқылдан тазарту;
Сілті әдісімен гшазды меркаптандардан тазарту;
Газды диэтиленгликолмен кептіру;
Жай күкіртті алу;
газды дайындау қондырғысы.
Кәсіпорынның жинау жүйесіне сепараторлар, факелдар жүйесі, дренажды ыдыстар кіреді, сондай-ақ олар атмосфераны ластайды.


5.1.1 Атмосфераның ластану себептері


Негізгі ластайтын заттар күкірт сутек, көмір сутек, меркаптандар, күкірт шаңдары, диэтаноламин (ДЭЛ), метил спирті, күкірт сутек тотығы, марганец қосылыстары, кремний қосылыстары, фторидтер, қаракүйе.
Мұнай кен орны, пештер және т.б. ластанудың 4-ші категориясына жатады. Мұнай дайындау және жинау пунктері 2-ші немесе 3-ші категориясына жатады.
Атмосфераның ластану көздеріне мыналар жатады: пайдалану ұңғылары, өлшеу қондырғылары, мұнай резервуарлары, сепараторлар, пештердің түтін шығатын трубалары, сораптар.
Негізгі тікелей ластануға қатысы барлар мыналар: газды жағу факелдар, пештерден шығатын трубалар, резервуардың қысымды және вакуумды шығаратын клапандары.
Ластануға тікелей қатысы жоқ бөлініп шыққан заттар – көмір сутек және күкірт сутек.

5.1.2 Гидросфераның ластану себептері


Мұнай кәсіпшілігі қабат суларына және жер беті суларына үлкен әсерін тигізеді.
Мұнай кәсіпшілігінде мынадай ағын сулар пайда болады:
● Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған өндірістік сулар;
● Органикалық заттармен ластанған шаруашылық сулар;
● Қабат және жер беті суларының ластану себептері:
1. Тазаланбаған немесе жартылай тазаланған өндірістік және тұрмыстық ағын сулары;
2. Жер беті ағын сулары;
3. Дренажды ағын сулары;
4. Булану аймағына жоғары минералданған ілеспе қабат суының төгіліуі;
5. Құбырлардан, ыдыстардан және басқа да құрылымдардан улы сұйық материалдардың фильтрленгендері;
6. Ластайтын заттардың атмосфераға түсуі, яғни рельефтер және су объекттерінің бетіне қонуы;
7. Қалдықтар мен материалдарды сақтау орны, тасымалдау алаңы;
8. Төгілген мұнайлар, газ тазарту өнімдері, реагенттер және т.б.

5.1.3 Литосфераның ластану себептері


Литосфераға мұнай өндіру кешендерінің тигізетен кері әсері:
● Ескі нашар цементтелген ұңғылардан күкірт сутегінің жер қабатына жайылуы.
● Мұнайдың жерге төгілуі және материалдар мен қалдықтардың сақталуы.


5.2 Ұйымдастырылған шаралар


Қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша өтетін шараның жауаптысы қоршаған ортаны қорғау инженері. Табиғатты қорғау шарасының барлық жауапкершілігін өндірістің 1-ші жетекшісі атқарады.
Кәсіпорын аймағындағы экологияның бұзылуының азаюы бойынша ұйымдастырылған шараларға мыналар кіреді:
● Өндірістегі режимдер мен шикізаттарға бақылаудың автоматты жүйесін енгізу;
● Жұмысшыларды оқыту және үйрету;
● Ортаны және тастанды қалдықтарды бақылау жүйесін құру;
Бақылауды қажет ететіндер:
1. Өндірістің аса тиімді прцестерін, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерін қолдану;
2. Табиғи қорларды тиімді пайдалану;
3. Жер беті және қабат суларын өндірістік қалдықтармен ластаудың алдын алу шаралары;
4. Авариялық ағын суларының алдын алу бойынша инженерлік шараларды іске асыру және өндіріс объектілерін экологиялы қауіпсіз пайдалану;
5. Өндіріс өнімдерінің және соған сай ластандырғыш заттардың өндіріс алаң бетіне түсуін болдырмау.


5.3 Инженерлік қорғау және табиғатты қорғау шаралары


Жобалау және экологиялық тазалау технологиясын енгізуден, жаңа тазарту системасын енгізуден, экологиялық өнімді шығарудан басқа әрдайым табиғатты қорғау шаралары қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет