Геологиялық БӨлім 1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4



бет23/24
Дата30.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#155669
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі

ҚОРЫТЫНДЫ

Тұжырымдар мен ұсыныстар


Жетібай кен орнында мұнайды жинау жүйесі негізінен қабылданған орналасу жобасына сәйкес жүргізіледі. “Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасының кәсіпшілігінде жұмыс істеп тұрған скважиналардың сағаларында мұнай-газды қоспаның табиғи арынын пайдаланатын мұнай жинаудың “Гипровостокнефть” бір құбырлы жүйесі қолданылады.
Қабылданған жинау жүйесі жобада қарастырылған мұнайды жинау мен дайындаудың барлық кешенін қамтамасыз етеді. Мұнайды сусыздандыру мұнайды айдау мен дайындау цехында (ЦППН) УДО-2м типті қондырғыда жүзеге асырылады. Осы жерде мұнайды тұзсыздандыру да жүреді. Деэмульсациядан кейін сусыздандырылған мұнайдың құрамындағы судың үлесі 2 пайыздан аспайды. Қазіргі уақытта 10 қондырғы жұмыс істейді, қондырғылардың әрқайсысының өнімділігі шегіне жетіп қалды. Сондықтан деэмульсациялық қондырғылар паркінің қуатын күшейту қажет. Мұнайды сусыздандырғанда деэмульгатор ретінде “Прогалит” қолданылады. Ол жоғары тиімділік көрсетумен ерекшеленеді. Бірақ ол улы және қауіпті.
Дипломдық жобаның техника-технологиялық бөлімінде жүргізілген есептеулер сепаратор мен кәсіпшіліктегі құбыр диаметрінің дұрыс таңдалғанының айғағы. Скважиналардағы газ факторын өлшеу үлкен мәселе. Нашар изоляцияның салдарынан, номинал кернеулермен қамтамасыз етілмегендіктен скважиналар ингибиторлық және катодты қорғауға толық алынбаған. Скважиналардан топтық қондырғыларға дейінгі (ГУ) лақтыру желілерінде қолданылатын жылумен оқшаулау (теплоизоляция) жүйесі оларда қысқы мерзімде мұнайдың қатуына қарсы келе алмайды. Бұл скважиналардың тоқтап қалуына әкеледі және желілерді үзу мен скважиналарды іске қосу жұмыстарындағы қиыншылықтарға себепші болады.
Жабдықтар мен техникалық құралдардың кейбір түрлерін қолданудың тиімділігі төмен. Құбырларды ішкі коррозиядан қорғау үшін Dodіcor V4712 ингибиторы қолданылады. Коррозия жылдамдығы жылына 3-5мм. Экономикалық бөлімде осы ингибитордың тиімділігі есептеледі. Ол 193391,31 долларды құрайды.
Сондықтан, жинау коллекторларын коррозиядан қорғау үшін құбырлардың ішкі бетін полиэтиленмен қаптасақ, көміртегі газын (СО2) құрғату үрдісінің қажеті болмайды. Бұл пайдалану шығындарын азайтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет