2.2 Жетібай кен орнында қолданылатын жинау жүйесі Жетібай кен орнында “Гипровостокнефть” институты жасаған газды жинау жүйесі қабылданған. Бұл жүйені таңдағанда келесі факторға мән берілген:
‑ максимал қабат қысымы және жазда 45 с-ге, қыста 30 с-ге жететін климаттың шұғыл континенттігі;
‑ 155м/м-ке тең мұнайдың жоғары газ факторы;
мұнайдың сулануы;
құбыр трассаларының созылыңқығы;
суланған өнімін тасымалдануын жақсарту мақсатында жүйеге жоғары қысымның қажеттілігі.
Қабылданған жүйе үлгісі бойынша механикалық әдіспен өндіргенде скважина өнімі қабат энергиясы немесе артық қысыммен лақтыру желістері арқылы автоматтандырылған “Спутник” топтық өлшеу қондырғысына келіп түседі. Берілген бағдарлама бойынша скважиналардың біреуі өлшеуге тұрады, ал қалған скважиналардың өнімдері сыйымдылығы 50-80 м газмұнайлы көлденең сепараторға түседі. Мұнда 0,3-0,4 МПа қысымда мұнайды сепарациялаудың бірінші сатысы жүреді. Сипарацияланған мұнай құрамында қалған еріген газбен бірге сораптардың қабылдауында болады да отты пештерде 50-60С-ге дейін қыздырылады. Коллектор бойымен жасақтың басына айдалады. Буферлы ыдыстан бөлінген газ толық тазалануы мен мұнайды қыздыруға арналған пештерге бөліктеп қолданылуы үшін арнай вертикал сеператорға келіп түседі. Ал қалған газ, газ өндіру зауытына (ГПЗ) берілу үшін газ тасымалдау желісінде (УТТ) түседі. Бір топтық қондырғыға (ГУ) оннан 28 скважинаға дейін қосылады.
“Жетібаймұнайгаз” өндірістік басқармасында 14 скважина қосылатын 3 2/3 типті топтық өлшеу қондырғылары да (ГЗУ) қолданылады. Скважиналардың барлық өнімі ұзындығы 500 метрден аспайтын лақтыру желілері арқылы “Спутник” типті өлшеу қондырғысына беріледі. Мұнда қосылған скважиналардың шығымдары кезекпен өлшенеді. Басқа скважиналардың өлшенген өнімі отта, пеште 60-ге дейін қыздырылады да ары қарай сәйкес нөмірлі топтық қондырғының (ГУ) газмұнайлы сеператорына түседі. Ыдыста сеперацияның бірінші сатысы жүреді, бұдан кейін мұнай бас жасақтарға айдалады. Өндірістік басқармада қабылданған әдеттегі мұнайгаз жинау жүйесіне “Гипровостокнефт” институты игерген қосымшалар мыналар:
- тасымалдауды жақсарту үшін топтық қондырғыларда сұйықты аралық қыздыру;
- “НОРД” немесе “Турбоквант” типті турбинды өлшегіштермен әр топтық қондырғыда сұйықты жалпы өлшеу.
Жетібай кен орнында жинау жүйесін көпжылдық пайдалануда төмендегідей қиыншылықтар байқалды:
- мұнайды қыздыру пештерінің шар тәріздес құбырларының ирек түтіктерінде, сонымен қатар “Спутник” қондырғыларында тұз жиналу;
коррозия салдарынан құбырлардың жарылуы құбырлардың ішкі беттерінде парафин мен тұздың жиналуы олардың көлденең қимасын тарылтып, қалыпты жұмысын бұзады. Бұл “Спутник” өлшеу қондырғысының жұмысының тоқтауына себепші болады. Соның салдарынан скважиналардың көлемдік шығымдарының өлшеу көрсеткіштері бұрмаланады. Әсіресе, құбырлардың жарылуынан көп өнімді шығындаймыз. Тек 1984 жылдың өзінде жарылу салдарынан өндірістік басқарма бойынша өнімнің шығыны 100 мың сомды құрады. Жоғарыда жазылған себептерге байланысты өндірістік басқармада осы қиыншылықтардың алдын алуға үнемі көңіл аударылды.