Мұнай эмульсиялары дегенде кен орынды игеру үрдісінде көлемдік қатынасы үлкен шектерде өзгере алатын мұнай мен қабат суының механикалық қоспасын түсінеміз. Қабат жағдайларында мұнай эмульсиялары түзілмейді. Эмульсия скважинада түзіледі, олардың түзілу қарқыны терең сорапты-компрессорлы және фонтанды скважиналарда әртүрлі.
Терең сораптармен мұнайды өндіргенде мұнайдың эмульсиялануына жағдай жасайтын негізгі факторлар: плунжердің бір минуттағы жүріс саны мен жүріс ұзындығы, сұйықты шығаратын және қабылдайтын клапандардың өлшемдері, сораптағы газдың мөлшері, сораптың деңгейден төмен батуы, сорап жұмысының тиімділік дәрежесі. Мұнаймен бірге су беретін фонтанды скважиналарда сұйықтың қатты араласуы жүреді. Соның салдарынан қысым төмендеп, мұнайдан газ қарқынды бөлінеді. Сол себепті фонтанды скважиналарда берік эмульсиялар жиі түзіледі. Конпрессорлы скважиналарда да эмульсия түзілудің себептері фонтанды скважиналардағыдай. Бірақ, газлифті, әсіресе эйрлифтіні қолданғанда түзілетін эмульсиялардың беріктігі жоғарырақ келеді.
Эйрлифті әдісімен мұнай өндіргенде түзілетін эмульсияның жоғары беріктігі кейін тиімді эмульгаторларға айналатын нафтенді қышқылдардың қышқылдануымен түсіндіріледі. Сонымен қатар эмульсияның түзілуіне құбырлардың қабырғаларындағы парафин шөгінділері әсер етеді. Нәтижесінде құбырлардың көлденең қимасы кішірейеді және мұнай мен судың араласуын күшейтетін ағынның жылдамдығы өседі. Сондықтан мұнай эмульсиялары кәсіпшілік жағдайларда пайда болатын:
- механикалық энергия;
- газдың ұлғаю энергиясы;
- ауырлық күшінің әсерінен болған энергия түріндегі энергиялардың әсерінен ғана түзіледі.
Мұнай эмульсиялары келесідей негізгі физика-химиялық қасиеттермен ерекшеленеді: дисперстілігімен, тұтқрлығымен, тығыздығымен, электрлік қасиеттерімен. Бұл шамалардың барлығы бір-бірімен байланысты.
2.6 Мұнайды дайындауға арналған блокты автоматтандырылған жабдық
Жетібай кен орнында УДО-2М және УДО-3М типті деэмульсациялаушы қондырғылар қолданылады. УДО-3М қондырғысы мұнайды термохимиялық әдіспен сусыздандыруға арналған. Қондырғы мұнайды дайындау пунктінде монтаждалады. Деэмульгатормен араласқан эмульсиялы мұнай қыздыру мен тұтындыру блогының бірінші бөлек жайының жоғарғы бөлігіне келіп түседі. Аппараттың корпусымен қабығының арасындағы саңылаудан өтіп, ойықтар арқылы қабықтың ішкі қуысына түседі.
Төменнен жоғары қарай ыстық судың қатпары арқылы өткенде мұнай эмульсиясы берілген температураға дейін қыздырылады да таратушы коллектор арқылы екінші бөлек жайға келіп түседі. Мұнда мұнайдан судың бөлінуі жүреді. Бөлінген су реттегіш құрылғылармен кәсіпшілік конализацияға жіберіледі. Ыстық сусыздандырылған мұнай тауарлы парктың резервуарларына бағытталады. УДО- 3М сепараторының ерекшелігі оның негізгі тораптарының конструктивтік шешімі болып табылады. Оның екі бөлек жайы бар, онда қабат суын жинау мен аппараттан таза мұнайды бағыттау мәселесі шешілген. Бұл аппараттың кемшілігіне мыналарды жатқызуға болады: алаулы қыздырғыштардың қызу бетінің жеткіліксіз болуы, сол себепті қыздырғанда сығылатын газды қолданудың төмен ПӘК-і, шар тәріздес құбырлардың қызып кетуі мүмкін, соның салдарынан оларға күйіктер шөгеді. Бұл ұзақ уақытқа қондырғыны қатардан шығаруы мүмкін. Аппараттарды ашу мен қарау шарт тәріздес құбырларда механикалық қоспасы бар тығыз тұз қатпарынан тұратын шөгінділердің болуымен олардың беттерінің түсуін көрсетті. Сонымен қатар қондырғыларда аппараттан шыққан мұнайдың сулануын 35 пайыздан төмен көрсеткішке жеткізе алады. Өндірістік басқармада қолданылатын мұнайды дайындау қондырғысының технологиялық схемасында ОТ-200 тұндырғыштары, блокты ПТБ-10 типті құбырлы пештер мен технологиялық резервуарды қолдану қарастырылған.