Геометрия курсындағы салу есептері



бет12/13
Дата19.04.2023
өлшемі315,68 Kb.
#174938
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
салу есептері (копия)

Қ орытынды

Мемлекетіміздің 2010 жылдарға дейінгі білімді дамыту бағдарламасында орта мектеп оқушыларын рефлексивті, саналы біліммен қаруландыруға байланысты көптеген мәселелер қойылып отыр.Бұлардың ең маңыздыларының бірі-мектептің негізгі сатысындағы оқушыларға геометриялық салу есептерін оқытудың дамытушы әдістемелік жүйесін мемлекттік стандарт талаптарына сай қанағаттандыру бағытында жетілдіру.


Ұсынылып отырған тақырып-көрсетілген мәселені оқушының оқу білік-дағдыларын алгебралық әдістерді пайдалану негізінде қалыптастырып-дамыту шарттарын,құралдары мен мүмкіндіктерін айқындап жасауға арналған әдістеме арқылы шешуді ұсынады.Әдістемені ашу барысында,осы кездегі белгілі озық психология-педагогикалық теориялар мен тәжірибелер талданып,нақтыланып, оқу процесін басқару қажеттілігіне сай жүйеленіп техналогияландырылды. Ұсынылып отырған әдістеменің іс-тәжірибелік маңызды ескеріле отырып,игерілу обьектісі ретінде 7-сынып геометриясының мазмұнын құрайтын жазық фигура және оларды өлшеу ұғымдарының,8-сыныптағы төртбұрыш және аудан ұғымы тарауының мазмұны алынып, сабақтың дәстүрлі өту барысын айтарлықтай өзгертпейтіндей оқыту процедурасы келтірілді.
Геометриялық салу есептерін шешу арқылы оқушылар әртүрлі геометриялық фигуралар туралы түсініктерін, оларды түрлендіру мүмкіндіктерін қалыптастырады. Мұндай есептердің қойылымы мен әдістері геометриялық фигураны елестетуге, сол фигураның элементтерімен ойшажұмыс жасай алуға, т.б. мүмкіндіктерін әрі қарай дамытады. Себебі геометриялық фигуралар қоршаған әлемдегі көптеген нақты модельдерді бейнелейді. Олардың көмегімен геометрияны оқытуда көзбен бақылауға, салыстыруға, болжауға, эксперимент жасауға зор мүмкіндіктер бар.
Егер кеңістікте салуға берілген есептердегі негізгі амалдар, яғни онда ұсақ бөліктерге бөлінетін негізгі қарапайым салулар түгел орындалса, онда кеңістіктегі кез келген геометриялық салу орындалады деп есептеледі.
Қорыта келгенде,мектепте салу есептерін қамтитын геометрия мен алгебра курстарын оқытудың казіргі жағдайына теориялық және әдістемелік талдау жасау,тәжірибелік-педагогикалык эксперимент жүргізу нәтижелері төмендегідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
1. Негізгі мектепте салу есептерін оқытуда геометрияның бастапқы ұғымдарын қалыптастыру негізінде,түрлі геометриялық фигураларды әр қырынан демонстрациялауда көрнекі құрал екендігі және оны оқыту үдерісінде қолданудың тиімділігі анықталады.
2. Негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері анықталады.
3. Теоремаларды дәлелдеуде компьютерлік бағдарламаны қолдану нәтижесінде оны тез қарап шыға салу әрекетін болдырмайтындай,оқыту мазмұны біртіндеп ашылатын тиімді оқытудың орындалатындағы айкындалды.
4. Оқушының планиметрия курсы материалдарын өз бетінше оқып-үйренуіне арналған компьютерлік бағдарламада оқушыға білімді,ұғымды бірден дайын түрінде бермей,өз орнымен қойылган сұрақтар арқылы оларда бұрын қалыптасқан білімдері мен бақылаулары және тәжірибесіне сүйеніп жаңа ұғымдарға,ережелерге,дәлелдеулерге және есептің шығарылуына оқыушының өзін келтіретіндей тура және кері байланыстың жүзеге асатындығы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет