Геоморфология (гр gе жер, mоrрhе пішін, logos білу, тану) бедердің құрылысын, жаралуын, даму тарихын жəне қазіргі динамикалык жағдайын зерттейтін ғылым



Дата24.11.2023
өлшемі14,35 Kb.
#193205
Байланысты:
Геоморфология


Геоморфология (гр. gе – жер, mоrрhе – пішін, logos – білу, тану) – бедердің құрылысын, жаралуын, даму тарихын жəне қазіргі динамикалык жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі нысаны – бедер (француз тілінде relіev – дөңестілік) – құрлық беті жəне мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) жəне сыртқы (экзогендік) процестер əсер етеді. Эндогендік процестерге тектоникалық құбылыстар, жер сілкіну, жанартау əрекеті, тау жаралу жəне т.б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының үгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам əрекетінің əсері жатады. Сондықтан бедер пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамын, қасиетін жəне оларға əсер ететін процестерді анық білу қажет. Эндогендік күштердің əсерінен жердің бір тұсы көтеріліп, тау мен қыраттар түзіледі, ал екінші тұсында төмен майысып, ойпаттар пайда болады. Экзогендік күштер тауды бұзып шаяды, ойпатты жерлерді борпылдақ материалмен толықтырып тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы əрекет жасайды жəне олар əр жерде, əр қарқында ұдайы болып жатады. Нəтижесінде, осы екі күштердің өзара қатынасы əсерінен жер бетінде пайда болған қазіргі бедер пішіндерінің алуан түрін көреміз. Бедер пішіндерінің қай бағытта дамуы (көтеріле дамуы немесе керісінше, төмендей дамуы) – мұның бəрі сол жер қыртысының қасиетіне байланысты. Геоморфологияның негізгі ұстанымдарының бірі – бедердің географиялық құрамбөліктерінің бірі бола тұра, бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы, ол өзі ғана өзгеріліп қоймай, жалпы табиғаттың дамуына əсер етеді. Жер қыртысы, атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан, геоморфология геология, геоботаника, гляциология, топырақтану ғылымдарымен де тығыз байланысты. Соңғы кездері жер туралы ғылыми зерттеулерде «биосфера» деген түсінік кең таралған. Биосфераны жердің бүкіл органикалық тіршілігінің жиынтығы деуге болады. Бұл қабат атмосфераның төменгі 10-12 км бөлігін (тропосфераны), гидросфераны, жер бетін жəне литосфераның беткі қабатын қамтиды. C. А. Құсайынов 6 Осы қабатты құрайтын тірі жəне өлі организмдер бедер қалыптасуында тікелей ерекше биогендік бедер пішіндерді жəне геологиялық шоғырларды түзеді немесе жанама түрде тау жыныстарының химиялық, физикалық қасиеттеріне жəне планетамыздың ауа, су қабаттарының өзгеруіне əсерін тигізеді. Жоғарыдағы айтылатын түсініктерге негіздей отырып, бедер ұғымын қосымша анықтауға болады. Геоморфологиялық зерттеулердің нысаны бола тұра, бедер планетамыздың жер қыртысы, су, ауа жəне биологиялық қабаттарының күрделі сипатты өзара қарым-қатынастары нəтижесінде пайда болған. Жер құрылысында бедер туралы айта кететін ерекшеліктердің бірі: жер шарының əр қабаттарын бөле тұра, ол, сонымен қатар, жердің беті, литосфера, атмосфера, гидросфера жəне биосфера қабаттарының бір-бірімен өзара əрекеттесетін ортасы. Бедер, географиялық ландшафтың жəне географиялық ортаның негізгі бөліктерінің бірі. Сондықтан бедер географиялық ортаның өзге құрам-бөліктерімен бірге зерттелуі тиіс. Мұның өзі геоморфологияның физикалық географиямен жəне басқа географиялық ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Геоморфология жалпы геоморфология жəне аймақтық геоморфология болып екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология бедердің пайда болуы мен дамуын геоморфологиялық кешен ретінде кең көлемде алып қарайды. Аймақтық геоморфология құрлық, мұхит, теңіз т.б. бедерінің нақтылы бір немесе бірнеше бөлігін зерттейді. Геоморфологияның тағы да бірнеше салалары бар. Олар қолданбалы (прикладная) геоморфология – бедерді өндіріс-шаруашылық қажетіне пайдалану жолдарын зерттеумен шұғылданады; палеогеоморфология – өткен дəуірлердегі бедер пішіндерінің даму жолдарын зерттейді; құрылымдық геоморфология (структурная геоморфология) – бедер түрінің морфоқұрылымын (морфоструктурасын) анықтайды; экологиялық геоморфология жəне климаттық геоморфология – көбінесе сыртқы күштердің əсерінен пайда болған бедер түрлерін, яғни морфомүсінін (морфоскульптурасын) зерттеумен шұғылданады. Геоморфологиялық зерттеу экспедициялары ең алдымен геоморфо-логиялық қартаға түсіру жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде жалпы жəне арнайы геоморфологиялық карталар жасайды. Дала жағдайындағы геоморфологиялық жұмыстар геология, геотектоника, гидродинамика, климатология, картография əдістерін қолданумен бірге аэрофото- жəне ғарышсуреттерін жəне тағы басқа құралдарды да пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет