“ГЕРАЛЬДИКА” Геральдика (heraldіca) – гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласы. Генеология, нумизматика, палеография, cфрагистика сияқты тарихи пәндермен тығыз байланысты. «Геральдика» термині латынның «heraldus» яғни жаршы деген сөзінен шыққан. Ортағасырлық Еуропа корольдерінің сарайында гербтердің кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және жаңа гербтерді жасайтын арнайы адамдар – герольдтар болған. Кейіннен олар «Герольдия» атты мекемелерге біріктіріледі. Олар Геральдиканыңның белгілері мен бояу түстері ұғымдарының ерекше жүйесін жасады. Геральдика 19 ғасырдыдың 2-жартысынан тарихи пән ретінде қалыптасты. Қазақстан Республикасының гербі, туы, т.б. мемлекеттік рәміздері, еліміз қалаларының гербтері Геральдиканың озық үлгілерінің бірі болып табылады.