Геральдика



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,01 Kb.
#95579
1   2   3   4
Байланысты:
ГЕРАЛЬДИКА.

Теориялық геральдика-гербі құрастыру үшін қажетті әдіс-тәсілдер жиынтығы. Өйткені,оны меңгермейінше анытама жасау мүмкін емес. Тәртіптерге сүйене отырып жасалатын гербтің құрамы мынандай; қалқан, шілем, карона, шеңбер, қалған ұстағыш, ұран, мантия тағы басқа. Бұл бөліктердің біреуі негізгі, қалғандары қосымша болып келеді. Гербтің негізгі бөлігі болып қалқан табылды. Қалқанның геральдикалық бірнеше түрі белгілі. Франсуздық-төртбұрышты; Испандық-төменгі жағы домалақ; Вариактық-үшбұрышты жан-жағы толқымалы болып келген. Италияндық-домалақ; Германдық-кескінді тәріздес; орыс геральдикасында француздық үлгі кең таралған. Гербтер бедерлі болғандықтан жазық және түрлі-түстілер кең таралған. Олар металдан,түрлі-түсті эмальдан және теріден құралған. Гербтер тұрмыста көп пайдаланатын заттарға иелік белгісі ретінде түскендіктен белгілі бір түстердің сақталу талап етілген. Осындай тәртіп қағаз бетінде де қолданылған. Алтын ақ параққа қара нүктелерінен, ал күміс ақ кеңістікпен финистидің түсі сол қалпында берілген. Ақтышқан мен тиынның терілерінен жасалған. Қалғандары бір түсті және көп түсті болған. Гербті бейнелеген фигуралар
Геральдикалық және геральдикалық емес деп бөлінеді. Геральдикалық фигураның алты түрі белгілі;
Қалған басы 2/7 ұзындығы жоғарыдан төмен қарай басқа түспен боялды.
Біріккен жері немесе табан асты 2/7 қалқанның ұзындығы төменнен жоғары қарай басқа түспен берілді.
Бағана –1/3 қалқанның көк дененің ортасында басқа түспен берілді.
Белдеу 1/3- қалқан ұзындығы ортасында басқа түспен берілді. Аспа бау – 1/3 қалқандар оң жақта немесе сол жақта басқа түспен айқындалады.
Тіреуіш – қалқанның жоғары жағанда жетпейтін 2 аспа бау.
Мұның басқа геральдиканың фигураларының 200-дей түрлері анықталған. Геральдиканың емес фигуралар табиғи, жасанды, аңызға айналған болып бөлінеді. Табиғи фигуралар тірі жан иесінің бейнесі (адам, аң, т.б.), аспан түстес (күн, ай, жұлдыз) және құбылыстар (су, от, т.б.) жатады. Мұндай фигуралар геральдика тәртібі бойынша сол жақта беліленеді.
Жасанды фигураларға адам қолмен жасалған – садақ, қылыш, және т.б. жатқызылыды.
Аңызға айналған фигураларға табиғатта болмаған тіршілік иелері – айдаһар, екі баста бүркіт, жалғыз мүйіз жіне т.б.
Гербтің басқа бөліктеріне оңшалықты мән берілмеген қалқан үстінде жиі ауыстырлып тұратын шлем екі түрлі – дөңгелек формалары, үшкір ұшты болған.
Карона шлемінің астында немесе үстінде де орналаса берген. Княздық, графтық, баронды, дворяндық кароналар түрлері бар.
Шілем үсті каронадан немесе шлемнен шыққан жоғары қарай белгіленген фигураны белгілейді, жануарлар бейнесі кең таралған.
Мантия және шеңбер-орта ғасырлық рыцарь плашының бейнесі болып табылды. Мантия каронаның астында орналасады, брахтан немесе ақтышқан терісінен жасалады. Орыс геральдикасында мантия тек қана княздық гербтерде кездеседі. Шебер-шлемнен шыққан веньетка тәріздес әшекей, оның жоғарғы жағы кез-келген түсте болса да төменгі жағы алтыннан немесе күмістен жасалған.Қалқан ұстағыш-табиғи немесе аңыздық фигуралар қалқанның екі жағында тұрады.
Ұран-Герб иесінің өмірлік қағидаларын білдіретін қысқа сөйлем (көбінесе латын тілінде жазылды).
Жоғарыда айтылған теориялық геральдика гербтерді құрастыру және сипаттаумен айналысады, ал практикалық геральдика гербтердің шығу тегі, тарихы, классификация мәселесі айналысты.

Орыс жерінің бір орталықтанған бір мемлекетке бірігу процесі геральдика айқын көрінеді. Мөрдегі бейнелер бірте-бірте біртектес және мұралық болып гербтерге айналды. Мысалы; ХІҮ-ХҮ ғ Москва княздарының мөрімен монеттерінде бейнеленген салт атты үш ғасырдаң соң Москваның гербі болып белгіленді.


Иван ІІІ-ші княздығында екі басты бүркіт бейнесі пайда болды. Салт атымен екі басты бүркіт Рессейдің мемлекеттік гербінің негізгі бейнесіне айналды. Мемлекеттік мөрде де екі басты бүркіт пен салт атты бейнеленген. Салт аттыдан орыс жерінің қорғаушысы ретінде князь жауынгері байқалды.
1972 жылғы үлен мемлекеттік кітапта “ТИТУЛЯРНИК” отыз үш облыс пен қалалар гербтері берілген. Көптеген орыс қамалдарының гербінің тарихы өте қызық қалалық мөрлерден кейін пайда болған. Жеке гербтерді құрастыру Рессейге ХҮІІ-ші ғ. кіреді. 1686 жылдары елшілік жарлықта дворяндық әулеттері гердінің алғашқы жинағы “Бархыт кітап” деген атпен жарлық көреді. Мұнан І-ғасыр өткен соң Н.И. Новиков осы кітаптың жаңа басылымың шығарды. Геральд-министірлік контор ашылғаннан кейін және 1977 жылғы “Рангалар жөніндегі табель” Кітабы шыққан соң, сегіз кластық шеңі бар тұлғалар мұрагерлік, дворяндық соған қоса әулеттік герб ашуға құқығы болды. ХҮІІІ ғасырдың соныңда Павел-І кезіңде бүкіл Рессей империясының дворяндық әулеттерінің “жалпы гербтері” еңбегі құрастырылды. І-ші бөліміне княздық, графтық, баронды, әулеттік, дворяндық гербтер, ІІ-бөліміне дворяндық ұсынылған тұлғаларың гербтері, ІІІ-ші бөліміне дворяндықты еңбегімен алғаш тұлғалардың гербтері енді. Осылай “Гербтік” кітаптың жиырма томы дайындалып, оның 10-ы жарыққа шығып қалғандары архивте сақталды.
Бүкіл двряндық гербтерді үш категорияға бөліп қарауға болады.
Герольдмейсерлік контор құрылғанна кейін, оның басшысы болып Поемонтттық ақсүйек Франциек Санти тағайындалды. Ол орыс геральдикасында үлкен орын алды. Ф. Сантидің кезінде қалалық гербердті құрастыру жұмысы алға қойылды. ХҮІІІ ғ. соңына дейін 500 қалалық герб бекітілді. Сонымен қатар губерниялық және уездік қамалдырды гербтерін қосып бейнелеу орын алды. Қалалық герб екі бөліктен құралатын болды. Жоғары бөлігінде губерниялық, төменгі бөлігінде қалалық герб бейнеленді. Губерниялық және облыстық гербтерде бекіту 1878-1881 жылдар жүреді.
Ұлы қазан революциясынан кейін кеңес мемлекетінің алдында жаңа герб жасау мәселесі тұрды. В.И. Лениннің тапсыруымен 1918 жылы мемлекеттік мөр дайындау қолға алынды. Жаңа жоба 1918 жылы 19 маусымда бекітілді. 1918 жылы шілдіде бүкіл рессейлік кеңестік съезде РСФСР-дің мемлекеттік гербі қабылданды.
КСРО-ның алғашқы гербінің суратшілері И.И. Дубасов, В.П. Корзунның проектысы бойынша жасалды және ОАК-ның 1963 жылы 6 – шілдеде өткен 2-ші сесиясында бекітілді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГЕРАЛЬДИКА
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет