Геральдика


Геральдиканың негізгі мақсаты



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,01 Kb.
#95579
1   2   3   4
Байланысты:
ГЕРАЛЬДИКА.

Геральдиканың негізгі мақсаты-атрибуция, яғни гербтердің шығу тегін анықтау. Оның негізінде гербтердің датасын және шығарылған жерін анықтауға мүмкіндік бар.
Герб арқылы нәрсенің иесі туралы көп білуге болады, мысалы, титулын. Жеке гербтерде бас киімнің суреті бейнеленген, яғни щиттің үстіңгі жағында корона түрінде немесе діни адамдар үшін қалпақтар бейнеленген. Герб нәрселердің тарихын білуге көмектеседі. Мысалы белгілі геральдист В.К. Лукомский герб эмблемаларының көмегімен патша Михаил Феодоровичтің інісі Никита Иванович Романовтың “Колымаг”тарихын анықтады. Гербтің жан жағындағы әріптер бойынша Лукомский “Колымаг” иесінің аты жөнін анықтады. Ол поляк Франс Лесьновальский болып шықты.
Герб экономикалық – мәдени, туыстық қатынастарды, династиялық некелерді,демографиялық процестерді анықтауға мүмкіндік береді. Романовтар әулиетінің гербінің оң жағында өздерінің рулық белгісі орнатылған. Сол жағында XYIII – XIX ғасыр басында династиялық некелердің нәтиежесінде император отбасылары туыстасқан Батыс Еуропа сарайларының гербтері бейнеленген. Орта тұсының оң жағында Ольденбург гербі, ал сол жағында Дальменгор гербі орналасқан.
Геральдика нумизматикамен, археологиямен және басқа да қосалқы тарихи пәндермен тығыз байланысты, бірақ ең жақыны сфрагастика және генеология болып келеді.Қазіргі кезде герельдика сөзін “Эмблематика” сөзімен ауыстыру қарастырылуда. Бірақ геральдика гербтерді зерттейтін ғылым болып қала беруде.

Геральдикалық зерттеулің негізгі мәні жекелеген тұлға, фамилия әулет, мемлекет мекеме және тағы басқа символдық белгісі-гербтің анықтау болып табылады. Гербтің басқа символдық белгілерден айырмашылығы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалуында. Түрлі символдық белгілер немесе эмблемалар ежелден-ақ пайдаланған. Мұндай айыру белгісі ХІ-ХІІғ гербтерге айналды. Геральдиканың қосалқы тарихи пәне ретіндегі негізгі міндеті гербтерді атрибуциялау. Геральдика сфрагистика және гениалогиямен тығыз байланысты дамиды.


Гербтердің шығуының негізгі себептері орта ғасырдағы рыцардың жүзін жаулап тұратын, әскери сауаттын шығуымен байланысты болды. Орта ғасырлық батыс Еуропада өтетін рыцарлық әскери турнирлер герптерді сипаттайтын арнайы мамандар геральдтардың шығуына себепші болды. Осылайша рыцарлардың айырма белгісі мұраға қалып отырған. ХІҮ ғасырдың Батыс Европа елдерінде Геральдия деп аталған теориялық және практикалық геральдика мәселелерімен айналысатын арнайы мекемелері ашылды. Сонымен қатар гербті құрастырушылардың қатаң тәртіпте де жұмыс істеді. Геральдиялық қызметтің нәтижесі түрлі гербтік анықтамалар жасау болды. Бірте-бірте мұндай жұмыспен мамлекеттік ұйымдар айналысты. Рессейде геральдика ХҮІІІ ғасырда пайда болды. 1722 жылы Петр бірінші геральмеистрлік контор ашып, оған қалалық және жеке гербтерді жасау тапсырды. 1726 жылы ғылыми академиясы жанынан геральдика кафедрасы ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет