«Гидравлика» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



бет1/3
Дата06.12.2023
өлшемі62,5 Kb.
#195414
  1   2   3
Байланысты:
Gidravlika




«Гидравлика»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)


1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М137 «Су ресурстары және суды пайдалану»
шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Гидравлика» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.





Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсыр-малар саны

1

Гидростатика.

А

6

2

Гидродинамика негіздері.

А

3

3

Қалыптасқан қозғалыстың арын шығыны Гидравликалық кедергілер. Сұйық қозғалысының режимдері.

В

6

4

Сұйықтың тесіктерден, қондырмалардан және қысқа құбырлардан ағуы.

С

4

5

Арынды құбырлар.

С

2

6

Ашық арналардағы (каналдардағы) судың бірқалыпты қозғалысы.

В

3

7

Ашық арналардағы сұйықтың тұрақталған жатық өзгермелі қозғалысы.

В

2

8

Суағарлар. Қақпа астынан судың ағуы. Гидравликалық шапшыма.

С

3

9

Грунт суларының қозғалысы.

В

1

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

30



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Гидростатика. Гидростатикалық қысым және оның қасиеттері. Паскаль заңы. Гидростатиканың негізгі теңдеуі. Еркін бағытталған жазық беттерге түсірілген гидростатикалық қысым күші. Қисық сызықты беттерге әсер ететін қысым. Архимед заңы.
Гидродинамика негіздері. Сұйық кинематикасы. Сұйықтың қалыптасқан және қалыптаспаған қозғалыстары. Ағынның қалыптасқан қозғалысы үшін Бернулли теңдеуі. Бернулли теңдеуінің геометриялық және энергетикалық мағынасы. Кориолис, Буссинеск коэффициенттері.
Қалыптасқан қозғалыстың арын шығыны. Рейнольдс және Фруд сандары. Гидравликалық кедергілер түсініктемесі: арын шығындарының түрлері. Сұйықтың қалыптасқан қозғалысының ұзындық бойынша арын шығынының негізгі теңдеуі. Бірқалыпты сұйық қозғалысының негізгі теңдеуі. Сұйық қозғалысының режімдері. Қалыптасқан ламинарлы қозғалыстың бойлық арын шығыны. Жергілікті кедергілер, олардың негізгі түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет