«Гидравлика» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы


Сұйықтың тесіктерден, қондырмалардан, сұғындырмалардан және қысқа құбырлардан ағып шығуы



бет2/3
Дата06.12.2023
өлшемі62,5 Kb.
#195414
1   2   3
Байланысты:
Gidravlika

Сұйықтың тесіктерден, қондырмалардан, сұғындырмалардан және қысқа құбырлардан ағып шығуы. Тұрақты тегеурінді сұйықтың тесіктен ағып шығуы. Жұқа жазық қабырғадағы шағын тесіктен сұйықтың атмосфераға ағып шығуы. Судың көмілген немесе жартылай көмілген үлкен тесіктерден ағып шығуы. Әр түрлі қондырмалар мен суғындырмалар. Қондырмалар арқылы судың ағып шығуы.
Арынды құбыр (өткізгіштер). Гидравликалық соққы. Соққы толқынының жылдамдығы. Гидравликалық таран.
Ашық арналардағы (каналдардағы) сұйықтың бірқалыпты қозғалысы. Каналдың өтім қимасының гидравликалық элементтері. Канал есептерінің негізгі түрлері және оларды шешу жолдары.
Ашық арналардағы сұйықтың тұрақталған жатық өзгермелі қозғалысы. Судың айнымалы қозғалысы туралы түсінік. Призма пішінді каналдар. Бейпризмалық пішінді каналдар.
Гидравликалық шапшыма. Гидравликалық шапшымалардың түрлері. Жетілген гидравликалық шапшыманың шапшыманың негізгі теңдеуі.
Суағарлардағы ағындар. Суағарлар және олардың түрлері. Суағарлардың өтім формуласы.
Қалқан астынан ағып шыққан су қозғалысы. Ағынның тігінен сығылуы және сығылу коэффициенті. Қалқан астынан судың ағып өту түрлері.
Грунт суларының қозғалысы. Ламинарлық режімдегі су фильтрациясының негізгі заңы. Дарси формуласы. Дюпюи теңдеуі.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

  • жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет