Тақырыбы
| Гидросфера туралы ұғым. |
Сілтеме
|
Календарлы - тақырыптық жоспарлау, 6 сынып оқушыларына арналған «Физикалық география» оқулығы, энциклопедиясы.
|
Мақсаты
|
Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, гидросфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
«Судың да сұрауы бар» деген мақалдың мазмұнын түсіну. Мәтінді толық талдай білу, өз пікірлерін еркін жеткізу, өз ойларын дәлелдей алу, тату болып, бірігіп істеген жұмыстың нәтижелі болатынын ұғыну.
|
Ресурстар
|
Дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, фломастер, стикер, презентациялар, интерактивті тақта, кескін карта, атлас, энциклопедиялар 6 класс.
|
Қолданылған модульдер
|
Дамыта оқыту, ақпаратты коммуникациялы технологияларды пайдалану.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу, сабаққа психологиялық дайындық жасау. Көңіл күйді көтеру.
|
1 мин
|
Білу
|
1 Жердің өзі қандай қабаттардан тұрады ?
2 Олар қандай күйде?
3 Мұхиттардағы ірі су асты жоталары қалай орналасқан ?
4 Жердің ішкі бөліктері қандай қабаттардан тұрады?
|
1 мин
|
Сыныпты 3 топқа бөле отырып , үй тапсырмасын тексеру
|
Түрлі тапсырмалар
|
1 топқа – Жер сілкінудің себептері мен салдары?
2 топқа – Фишбоум. Таулар туралы мәліметтер: үстіңгі қатарға биік шыңдар,
Астыңғы қатарға биіктігін ретімен жазу.
3 топқа – танымдық ойын
|
10 мин
|
Сергіту сәті.
«Қара жорға» биі
|
2 мин
|
Жаңа сабақ
|
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дей келе ақын өлеңдерімен сабақты бастаймыз.
|
2 мин
|
Әңгіме-дәріс
|
Гидросфера туралы түсінік беру.т.б.
|
3 мин
|
Топтық жұмыс
|
1 топ - Табиғаттағы су
Синквейн. Су.Табиғаттағы су.
Су түссіз, мөлдір, түссіз.
Су ұдайы ағып жатады, судың буланунан бір күйден екінші күйге ауысады.
Су өмір көзі.
2 топ жұмбақтар жазу.
Сынаптай жылтырап,
Биіктен сырғиды,
Ән салып былдырлап,
Іздейді ылдиди. (бұлақ)
3топ Судың қажеттілігі туралы не білеміз? (суретпен жұмыс)
Суды ішеміз, жуынамыз.
Сумен өсімдіктерді, бау-бақшаны суарамыз.
Сумен ас әзірлейміз.
Сумен кір тазалаймыз.
Суға жануарлар да, адамдар да шомылады.
|
7 мин
|
Слайд қорғау
|
Әр топ өздеріне тиесілі берілген тапсырма бойынша өз ойларын, пікірлерін айтып еңбектерін қорғайды.
|
5мин
|
Түсіну
|
Литосфера мен гидросфераның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндір
|
1 мин
|
Қолдану, жасап көр
Талдау
|
Кішігірім табақшаға аз ғана су құйып қыздырсаңдар, біраз уақыт өткеннен кейін су құрғап кетеді. Бұл тажірбиені үйде жасайсыңдар.
1 литр 30-35г тұз салып дәмін татып көріңдер. Осындай кермек дәм – теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді.
Амудария мен Сырдария өзендерінің суын шаруашылық мақсаттарға ұқыпсыздықпен пайдалану салдары Арал теңізінің тартылуына әкеп соқтырды. Су көздерін сарқылу мен ластану мен сақтауда ағаш отырғызу жұмыстарының алатын орны ерекше.
|
1 мин
|
Жинақтау
|
Физикалық картаны падаланып өздерін тұратын елді мекенге таяу жатқан өзенге төмендегідей жоспар бойынша сипаттама бер: А, қайдан басталады, қай бағытта ағып , қайда құяды,
Ә, Қандай өзеннің алабына жатады
Б, Қандай су көздерімен молығады
Г, Адам өзенді не үшін пайдаланады және оны қалай өзгертеді
Д, Өзенді қорғау жөнінде қазіргі кезде қандай шаралар қолданып жатыр, қандай шаралар қолдану керек деп ойлайсыңдар
|
Эссе, өлең шығару
10минут
|
Бағалау
|
|
2 мин
|
Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: «Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы»
(ашық сабақ)
Сыныбы: 6а
Өткізген: Буркутова М.М.
2014-2015 о.ж.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме балалар. Сабақты бастамас бұрын бір- бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сәттілік тілейік.
Мен саған.... тілеймін
Үй тапсырмасын тексеру: - Балалар біз қандай жер қабығын оқып бітірдік? Литосфера, яғни жердің тас қабығы. Енді осы тарауда оқып білген білімімізді тексеретін уақыт келді. Сыныпты үш топқа бөле отырып үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Литосфера қандай қабат?
2. Жердің құрылысын ата.
3. Жер қыртысы дегеніміз не?
4. Мұхиттардың астындағы жер қыртысының қалыңдығы?
5. Мантия не мағына береді, оның қалыңдығы қандай?
6. Минерал дегеніміз не?
7. Тау жыныстары нешеге бөлінеді?
8. Жер сілкіну дегеніміз не?
9. Сейсмограф қандай құрал?
10. Жанартау деген не?
2. Терминдік сөздермен жұмыс.
Тақтаға бірнеше терминдік сөздер жазылады. Оқушылар сөздердің анықтамасын түсіндіреді. Ядро, мантия, сейсмограф, эпицентр, бархан, гейзер, лава, магма, эхолот,масштаб, компас т.б.
3. Танымдық ойын.
Географиялық мәліметтерге, терминдерге байланысты оқушыларға төмендегідей ойындар беріледі. Бұл цифрлар нені көрсетеді?
200 м-ге дейін-
11022м-
8848-
1000-2000м дейін-
200-500и-ге дейін-
500м жоғары-
2900 км-
2-5 см-
3000 шамасында-
2000 м жоғары-
70-80 км-
3500 км-
Барлығына тест тапсырмалары беріледі.
1. Жердің ең сыртқы қабығы:
А)биосфера, ә)атмосфера, б)литосфера, в)гидросфера.
2. Жердің толық ішкі құрылысы:
а) литосфера, ә)мантия және ядро, б)литосфера және мантия.
3. Еуразиядағы ең биік жанартау:
а)Везувий, ә)Қазбек, б)Ключи шоқысы, в)Эльбрус.
4. Жер қыртысының қалың болатын жерлері:
а)таулар, ә)жазықтар, б)мұхиттар, в)мұхит-жазық.
5. Жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығатын жері:
а)кратер, ә)гейзер, б)эпицентр, в)жанартау.
6. Фонтан сияқты атқылайтын бұлақ:
а)гранит, ә)лава, б)қайнар, в)гейзер.
7. Шығу тегі жағынан шөгінді, жанғыш тау жынысы:
а)әктас, ә)тас көмір,б)кварцит,в)дала шпаты
8.Химиялық шөгінді тау жынысы?
а)құм тас, ә)әктас, б)тас тұзы, в)құм
9.Таулар ненің нәтижесінде пайда болады?
А)су тасқынынан, ә)жер қойнауында болатын ішкі күйлердің әсерінен, б)космостық сәуледен,в)белгісіз
10.Ломоносов атындағы су жотасы қай мұхиттан?
а)атлант,ә)тынық, б)салт мұзды мұхиты,в)үнді
11.Мантияның қалыңдығы?
а)3500м, ә)2900м, б)65км, в)1800км
12.Жер қыртысының қай бөлшегі өте тереңде орналасқан?
а)су мұхиттың,ә)материктің, б)базальтті,в)гранит
Қорытындылау.
Сергіту сәті.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған
Көңілің суын ішсең ашылады
Денеңде бар дертіңді қашырады
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
- Балалар бұл кімнің өлеңі білеміз бе? Дұрыс, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлеңі. Жалпы суретке қарап, оқылған өлеңге қарап қандай қабықты өтетінімізді біліп отырған сияқтымыз. Яғни, гидросфера қабығына сапар шегейік..
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы гидросфера құрамы түсіндіріледі.
Гидросфера құрамы
Атмосферадағы ылғал
Мұхиттар
Теңіздер
Көлдер
Бөгендер
Мұздықтар
Жер асты сулары
3. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы гидросферадағы барлық су мөлшерлерін түсіндіру.
Су түрлері
|
Мөлшері
|
Барлық су
|
1,6 млрд км3
|
Мұхиттар мен теңіздер
|
96,5 %
|
Мұздықтар мен тұрақты қарлар
|
1,7 %
|
Жер асты сулары
|
1,7 %
|
Өзен, көл
|
0,06 %
|
Тұщы су
|
2,5 %
|
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы д.ж. су айналымын түсіндіру.
Мұхит булануы
Бұлт
Жауын-шашын
Құрлық суларына қосылу
Мұхитқа қосылу
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Оқушының аты- жөні
|
Өткен сабақ
|
Жаңа сабақ
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушының аты- жөні
|
Өткен сабақ
|
Жаңа сабақ
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушының аты- жөні
|
Өткен сабақ
|
Жаңа сабақ
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |