Гигиена кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата18.12.2023
өлшемі372,47 Kb.
#197453
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Құс шаруашылығы
6М090200 Туризм каз
Сою.Союды бақылау.Қансыздандыру. 
Құстарды дұрыс емес естен 
тандыру кезінде немесе дұрыс емес сою кезінде қансыздандыру ет ішінде 
қан тамырлары арқылы қанға толады және 
терінің сырты 
қызарады.Мұндай еттерді брактайды,немесе қайта өңдеуге жібереді. 
Құстарды өнеркәсіпте сою ұйытқылы артерияға және мойындық венаға 
негізделген.Құстардың басын бір жағынан кесіп,денені бойлай 8-10 мм 
арақашықтығында бастың қан тамырларында құлақ саңылауын қайта 
кеседі:көз 
арты,милы 
және 
көз 
артериялары,ұйқылы 
артерия 



тармақтарының бәсеңдеуі,ұйқылы артерияның желке жағы,ұйқылы 
артерияның ішкі және сыртқы бөліктері,тіласты және таңдай артериялары 
және яремды вена.Құс басының негізгі қантамырлары кесілгеннен 
кейін,етті 
де 
толықтай 
бас 
сияқты 
қансыздандырады.Тауықтарды,балапандарды,балапан-
бройлерлерді,үйрек және қаздарды сою автоматты болады,ал үлкен 
құстарды қолмен сояды. 
Шпарка.
Қансыздандырудың соңына жақындағанды,ет қанаттарын ұстау 
үлкейеді,ол келешекте өңдеу кезінде қиындықтар туғызады.Сондықтан 
еттерді шпаркаға жібереді.Шпарканы арнайы аппараттарда судағы 
бумен,ыстық ауамен,ыстық суға батырумен және т.б.өткізеді.Жылудың 
әсерінен бұлшықеттер,қанаттарын құс жүгінен істелген қылшықта 
ұстайды,босаңсиды,арнайы машиналардың көмегімен жеңілдейді.Бірақ 
сол уақытта шпарка денені зақымдап және еттің тауарлық түрін 
бұзады,сондықтан ол қолайлы режимде болуы тиіс. 
Кәсіпорындарда жұмсақ және қатты режимдегі шпаркаларды 
қолданады.Жұмсақ режим кезінде терінің мүйіз қабатындағы эпидермисі 
бұзылады,ал қалған жерлері және тері өте зақымдалмайды.Мұндай 
әдіспен өңделген еттердің,жағымды сыртқы түрі болады,бірақ та оларды 
өңдеу қиындау:қанаттарын ұстау қиын және машиналарда толықтай 
жойылмайды. 

2.3. Құс ұшасы мен ішкі ағзаларын ішкі сауда объектілерінің 
ветсансараптау зертханаларында тексеру. 



Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс 
шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты 
нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен 
еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс 
қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. 
Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек 
ретінде пайдаға асады. 
Бүгінде базар сөресінде тұрған ет өнімдеріне қойылатын талап күн санап 
артып келеді. Бұған соңғы кезде мал арасында түрлі жұқпалы аурулардың 
көбеюі себеп болса керек. 
«Медицина адамды емдесе, ветеринария - бүкіл адамзатты емдейді» 
деген ветеринария ғылымдарының магистрі С.Евсеенконың нақыл болып 
кеткен сөзі бар. Мал және өсімдік майларының өнімдерінен жасалатын 
азық-түліктің сапасын, базарларды ветеринар мамандар, ветеринарлық-
санитарлық сараптау лабораториялары тексереді.
Ветеринарлық-санитарлық сараптау зертхананың негізгі жұмысы - ет 
және ет өнімдерін, сүт және сүттен жасалатын тағамдарды, басқа да 
базарлар арқылы таралатын азық-түліктерді тексеру, азық-түлік малдар 
арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың адамдарға жұқпауын қамтамасыз 
ету. 
«Ветеринарлық-санитарлық сараптау жұмыстарын базарларда жүргізу 
ережелеріне» сәйкес, ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханалары 
міндетті түрдегі және қосымша сараптаулар жасайды. Құс ұшасына 
міндетті түрде жүргізілетін сараптаулар мынандай тәртіппен жасалады:

құстың етін тұтастай, ішкі органдарын, бездер орналасқан барлық 
органдарды кесіп алып қарау;

трихинеллезға тексеру;

жалпы радиациялық фонды анықтау.
Құстың ағзалары мен ұшасын тексергенде басын (айдары, көзі, тұмсығы) 
жұтқыншағын, кеңірдек, өңеш, жемсау, қарындары, ішек және бауыр, көк 
бауырын тексереді. Әсіресе бауыр мен көк бауырды ұқыптап қарайды. 
Ұшасын тексергенде құстың қоңдылығына, терісінің көкшілденуіне
буындарының ісінуіне және етінің тазалығына баса назар аударады. Мал 
дәрігері жоғарыда баяндалған жұмыстарда атқарғанда үстіне ақ халат, 
басына ақ қалпақ киеді. 
Қосымша сараптау жұмыстары, егер міндетті түрде тексеру кезінде 
ветеринарлық нормалардан ауытқулар табылса, яғни лимфатикалық 



бездерден, еттен немесе ішкі органдардан бактериоскопиялық сараптау 
кезінде қауіптің іздері байқалған жағдайда жүргізіледі.
Сату үшін базарларға түсетін құс етін тексерілгеніне қарамастан, 
міндетті түрде сараптаудан өткізіледі. Тек ет комбинаттарынан, құс 
фермаларынан сараптаудан өтіп, ветеринарлық тексеруден өтті деген 
қағаз жапсырылған, фирмалық дүкендер мен базарларға шығарылған ет 
қана сараптаудан өткізілмейді.
Етті сатуға алып келген иесі белгіленген үлгідегі ветеринарлық 
инспектор қол қойған және мөрмен бекітілген ветеринарлық 
сертификатты көрсетуі тиіс. Ветеринарлық сертификаттың 3 күндік қана 
ішінде күші бар, одан кейін басқа құжаттар талап етіледі. Базарға 
шығарылатын құстың ішкі ағзалары - өкпе, бауыр, жүрек, көк бауыры 
болуы шарт. Солар арқылы құстың ауруын, патологиясын анықтаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет