10
Құс етін өндіруді күрт арттыру үшін құстың тірідей салмағын және
олардың құндылығын көтеру шарт.Ол үшін ең алдымен күтіп-бағу мен
азықтандыру жағдайын жақсартып,оларды үстеп азықтандыру қажет.
Қазіргі таңда маңызды проблемалардың бірі микроэлементтердің
дефициті.Микроэлементтердің кейбіреулерін биологиялық толық құнды
өнімдерге органикалық байланысқан қосылыстар түрінде қосу емдік
және профилактикалық өнімдерді алуға негіз болып табылады.Біздің
елімізде кальций дефициті орын алған.Бұл элементтің адам
тамақтануында жетіспеуі рахит,остеопороз,жүректің ишемиялық
ауруларын тудыруы әбден мүмкін.Механикалық ажырату сияқты
технологиялық әдіс еттегі кальций мөлшеріне әсер етіп отырады.
Дайын өнім бөгде дәм мен иіссіз,органолептикалық көрсеткіштері
өзіне тән келуі тиіс.Осындай жағдайларда жасалып отырған өнімге
әртүрлі хош иіс беруші тағамдық толықтырғыштарды қолдану еттің
гидрофильді қасиеттерінің жоғарылауына,дәм және хош иіс қасиеттерін
қалыптастыруда,жағымды түс пен пісіріліп-қақталған өнімдердің
шығымын өсіруде маңызы зор.Біздің Республикамызда құс
шаруашылығы мал шаруашылығының ең тез жетілетін әрі тиімді сапасы.
Құстың ағзалары мен ұшасын тексергенде басын (айдары, көзі,
тұмсығы) жұтқыншағын,
кеңірдек, өңеш, жемсау, қарындары,
ішек және
бауыр, көк бауырын тексереді. Әсіресе бауыр мен көк бауырды ұқыптап
қарайды.
Ұшасын тексергенде құстың қоңдылығына,
терісінің көкшілденуіне,
буындарының ісінуіне және етінің тазалығына баса назар аударады. Мал
дәрігері жоғарыда баяндалған жұмыстарда атқарғанда үстіне ақ халат,
басына ақ қалпақ киеді.Қосымша
сараптау жұмыстары, егер міндетті
түрде тексеру кезінде ветеринарлық
нормалардан ауытқулар табылса,
яғни лимфатикалық бездерден, еттен
немесе ішкі органдардан
бактериоскопиялық сараптау кезінде қауіптің іздері байқалған жағдайда
жүргізіледі.
Сату үшін базарларға түсетін құс
етін тексерілгеніне қарамастан,
міндетті түрде сараптаудан өткізіледі. Тек ет комбинаттарынан, құс
фермаларынан
сараптаудан өтіп, ветеринарлық тексеруден өтті деген
қағаз жапсырылған, фирмалық дүкендер мен базарларға шығарылған ет
қана сараптаудан өткізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: