3. Қосымша атаулар - жалпы атаулардан шығатын жекелеген
атауларды анықтайды және бағытын көрсетеді. Мысалы, кермеде асылып
тартылу арқылы қолға таяну. Тербелу - алдыға-артқа тербелу. Немесе
аяқты алдыға созу, оңға-солға бұру. Қолды алдыға созу, артқа қарай
қозғау, жоғары көтеру. Демек дененің әрбір қимылының бағытын
анықтап тұрады.
Белгілі бір жаттығуды алайық. Қолдың жаттығуы - бұл жалпы атау.
Енді осы қолдың жаттығуы қалай орындалады, қолды алдыға созу, жанға
созу, жоғары көтеру, төмен түсіру, бастың үстіне қою, желкеге қою, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |