Гипобариялық гипоксия атмосфералық қысым төмендегенде дамиды. Ол биік тауға шыққан кезде жиі байқалады. Оның дамуының алдыңғы қатарлы патогенездік факторына гипоксемия жатады.
Өкпе капиллярларындағы қандағы көмір қышқыл газының парциалды кернеуінің төмендеуіне Халдейн әсері кедергі болады: альвеолалық ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуі СО2 шығарылуының қарқынын төмендетеді. Бірақ реттеудің мықты контуры СО2-нің сопақша мидың тыныс орталығына әсеріне байланысты.гипоксемия жиі гиперкапниямен жүреді.
Қанайналымдық гипоксия қан айналым жүйесіндегі бұзылыстарда дамиды, бұл ағзалар мен тіндердің қанмен және оттегімен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігіне әкеледі.
Дарси заңына сәйкес ағза арқылы көлемді қанағым тамырлардың артериялық және веналық шеттерінің арасындағы қысымның әртүрлі болуымен (тікелей тәуелділік) және қан тамырлары жүйесінің гидравликалық қарсылығымен (кері тәуелділік) анықталады.
Қандық немесе гемдік
Қандық гипоксия анемияда, гемоглобин байланыстыру қабілетінің бұзылыстарында, тіндерге оттегі тасымалдау және беру бұзылыстарында байқалатын қанның оттегілік сыйымдылығы азайғанда дамиды.
Ағзалар мен тіндердің оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілуіне қарамастан, тотығу-тотықсыздану реакциялары бұзылыстары нәтижесінде оттегі тіндермен пайдаланылмай қалады.