Гипоксия Тексерген: Орындаған: Туркменбаев Н



бет2/4
Дата26.11.2022
өлшемі1,65 Mb.
#159989
1   2   3   4
Байланысты:
Гипоксия

ЭНДОГЕНДІ ГИПОКСИЯ
ҚАНАЙНАЛЫМДЫҚ НЕМЕСЕ ЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ
СУБСТРАТТЫҚ
ҚАНДЫҚ НЕМЕСЕ ГЕМДІК
ТІНДІК НЕМЕСЕ ГИСТОТОКСИНДІК
ЖҮКТЕМЕЛІК
ТЫНЫСТЫҚ НЕМЕСЕ РЕСПИРАТОРЛЫ
АРАЛАС

Тыныстық немесе респираторлы

  • Тыныстық гипоксия сыртқы тыныс қызметінің бұзылысы салдарынан дамиды.
  • Оған себептер:

  • альвеолалық желдетілу жетіспеушілігі;
  • өкпенің диффузды қызметінің бұзылысы;
  • желдетілу-перфузиялық қатынастың өзгеруі;

Қанайналымдық немесе респираторлық

  • Қанайналымдық гипоксия қан айналым жүйесіндегі бұзылыстарда дамиды, бұл ағзалар мен тіндердің қанмен және оттегімен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігіне әкеледі.
  • Дарси заңына сәйкес ағза арқылы көлемді қанағым тамырлардың артериялық және веналық шеттерінің арасындағы қысымның әртүрлі болуымен (тікелей тәуелділік) және қан тамырлары жүйесінің гидравликалық қарсылығымен (кері тәуелділік) анықталады.

Қандық немесе гемдік

  • Қандық гипоксия анемияда, гемоглобин байланыстыру қабілетінің бұзылыстарында, тіндерге оттегі тасымалдау және беру бұзылыстарында байқалатын қанның оттегілік сыйымдылығы азайғанда дамиды.

Тіндік немесе гистотоксиндік

  • Ағзалар мен тіндердің оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілуіне қарамастан, тотығу-тотықсыздану реакциялары бұзылыстары нәтижесінде оттегі тіндермен пайдаланылмай қалады.
  • Тіндік гипоксияның себептері:

  • тыныстық ферменттердің азаюы немесе әсерсізденуі;
  • тотығу реакциялары мен фосфорлану реакцияларының бір-біріне ұласпауы.

Жүктемелік

  • Жүктемелік гипоксия қандай да болмасын ағзаның немесе тіннің өте жоғары қарқынды қызметінде туындайды. Мұндай ағзалардың немесе тіндердің оттегіге қажеттілігінің күрт жоғарылауы тасымалдау жүйесі мен оттегіні жою жүйесінің барлығы мүмкін болатын қызметтік қорларын толық жұмылдырғанда да толығымен қамтатамасыз етілмейді.
  • Гипоксияның бұл түрі мысалы, өте ауыр физикалық жүктемеде қаңқа бұлшықетінде дамып, шаршаудың негізгі іске қосатын механизмі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет