Субстраттық гипоксия мида тотығатын зат - глюкоза жетіспеуінен дамиды. Бұл кезде оттегі жеткілікті болуына қарамастан, от тотығатын зат болмауынан, жүйке жасушаларымен пайдаланылмайды.
Аралас
Аралас этиологиялы гипоксия жиі кездеседі және гипоксияның екі немесе одан да көп түрлерінің қосарлануы болып табылады.
Гипоксия кезіндегі компенсациялық-бейімделу механизмедері
Гипоксия дамуында шартты түрде екі кезеңді бөлуге болады:
Кіші қанайналым шеңберінен басқа, барлық дерлік тамырлық бассейндерде ұсақ артериялар мен артериолалардың кеңеюі;
Қанның осмостығының жоғарылауы, ондағы АТФ ыдырауы өнімдерінің, сүт қышқылының болуы тамыр қабырғаларының тегіс салалы бұлшықет жасушаларының босауын және вазодилатация шақырады;
Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің активациясын шақыратын және жасушалық мембраналардың, соның глюкокортикостероидтар шығарылуы соның ішінде лизосома - мембраналарының тұрақтылығын жоғарылататын күшті стрестік фактор болып табылады;
Бейімделудің ұзақ кезеңі
Бейімделудің ұзақ уақытты кезеңі оттегі тасымалдануына жауапты жүйелерде құрылымдық нәруыз синтезінің жоғарылауымен сипатталады.
Жүректе, мида, өкпелерде, тыныс бұлшықеттерінде капиллярлардың жаңа түзілісі өтеді, тыныс бұлышқеттерінің көлемі, өкпе альвеолаларының саны жоғарылайды.