Асқазанның кілегей асты негізі - құрамында көптеген иілгіш талшықтары бар, борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тінінен тұратын құрылым. Мұнда артерия мен вена тамырларының талшықтары (жігі), лимфа тамырларының торы және нерв будалары көптеп кездеседі.
Асқазанның бұлшық етті қабығы -асқазанның денесінде өте жақсы жетілген, ал өңешпен байланысқан кіреберісінде ең жоғарғы даму шегіне жетеді, ең қалың жері. Бұлшық етті қабығы үш қабатты миоциттер жігінен тұрады. Сыртқысы мен ішкісі тік орналасқан миоциттер жігі, бұл өңештің осы бағыттарында орналасқан, бұлшық етті қабатының жалғасы болып табылады. Ортаңғы миоциттерден түзілген айналмалы асқазанның ет - қабығының ең жақсы жетілген тұсы, қалындығы 3-5 см-дей сфинктерлер құрайды. Мұнда ішкі қабатта қиғаш орналасқан миоциттер тобынан тұрады. Етті кабаттын арасында көптеген миоциттер, ет аралық нерв будалары мен лимфа тамырларының шоғырлары орналасады. Асқазанның сыртын сірлі қабық қаптаған. Құрамында борпылдақ дәнекер тінімен бір қабаты жалпақ мезотелиі бар.
Клиникасы: Асқазан обыры – бұл асқазанның шырышты қабығының қатерлі эпителий ісігі.
Қызметі: секрет бөлу, асқазан сөлін бөлуге қатысады, жиырылғыштық, сору, экскреторлық, мукопротеиндерді өңдеу, қорғаныс, барьерлік, эндокриндік.
Он екі елі ішек ерекшелігі кілегей асты негізінде дуоденальді бездері болады. Ішектің бұл бөлігіне екі ірі бездердің өзегі келіп ашылады. Оның бірі - бауырдан келген өт өзегі, ал екіншісі ұйқы безінің өзегі. Ішектің осы бөлігіндегі сору-сіңіру процесі ішектің басқа бөліктеріне қарағанда өте күшті. Дуоденальді бездері- альвеоларлы-түтікшелі, тармақталған. Бездін өзектері ішек куысына ашылып, шырышты секрет бөледі. Гландулоциттеріне мукоциттер жатады. Бездің құрамында эндокриноциттер де бар, оларға: Ес, G, S, D- жасушалары жатады. Бұл эндокриноциттер қанға көптеген гормондар бөледі. Бездің гландулоциттерінің цитоплазмасында көптеген секреторлы көпіршіктерімен түйіршіктері болады. Бұлардан пайда болған секреттің құрамында нейтральді (бейтарап) гликопротеидтер бар. Без гландулоциттерінің регенерациясына қатысатын камбиальді элементтеріне бездің сөл бөлетін өзектерінің мойынында орналасқан жасушалар жатады. Тағамды қабылдағанға дейінгі тыныштық кезеңінде экзоцитоз жолымен бөлінетін секреті бәсең болса, ал тағамды қабылдау кезеңінде экзоцитоз жолымен секрет мол бөлінеді (диффузды түрде). Секреті екі түрлі қызмет атқарады: бірі - тағамды қорытуға қатысады (сору), екіншісі қорғаныс, ішек қабырғасын химиялық және механикалық процестерден сақтайды.
І шектің осы бөлігінде лимфоидты түйіндер де бар. Бұлар жеке және топтасып та орналасып, иммунды-қорғаныс қызмет атқарады. Жеке орналасқан лимфоидты түйіндер аш ішекте кездеседі, d=0,5-3мм, көбінесе ет пластинкасы мен кілегей асты негізде орналасады. Ал, топтасқан түрлері - Пейеров бляшкасы мықын ішегінде кездеседі, саны құбылмалы, ересектерде 30-40-тай болады. Ішек эпителиіндегі М-жасушалары антигенді тасымалдап, лимфоциттердің көбеюіне қатысады. Сонымен асқорыту процесі ішекте өте күрделі өтеді, ішектің әртүрлі аймақтарында немесе зоналарында ерекше; жасушадан тыс, қуыстық (бұл ішектің ішінде) қабырғалық (ішек қабырғасы арқылы), мембраналық (жасушаның апикальді полюсінде, гликокаликс арқылы) жасуша ішінде (бұл ішек жасушасының цитоплазмасында) өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |