ГИСТОЛОГИЯ 2-АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЕСКЕРТУ АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖАСАМАҢЫЗ МАТЕРИАЛДЫ ТАРАТУҒА ӨҢДЕУГЕ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 6 -апта. Қан түзу мүшелері. Орталық қан түзу мүшелері. Шеткі қан түзу мүшелері. Жас ерекшеліктері. Тимустың сырты дәнекер тінді капсуламен қапталған. Капсула астында бездің негізін түзетін өсінділі жасушалардан тұратын эпителий тіні. Без капсуласынан көптеген перделер тарап, безді бірнеше бөліктерге бөледі. Тимустың әрбір бөліктері оның қыртысты және боз затынан тұрады.
Қыртысты заты. Тимус бөліктерінің бұл затында көптеген Т- лимфоциттері болады. Қартысты затында немесе аймағында ірі лимфоидты жасушалар, лимфобластар, Т-лимфоциттерінің сүйск кемігінен келген ізашарлары орналасады. Тимустың негізін түзетін эпителиальды ретикулоциттер бөлетін гормон тимозиннің әсерінен аталған лимфоциттер көбейеді де лимфоциттердін жаңа түрлер әрбір 6-9 сағат сайын пайда болып отырады. Қыртысты заттағы Т-лимфоциттері қан ағымына бірден өтіп отырады.
Сонымен, қан түзу процесіндегі тимустың алатын орны ерекше. Тимус Т-лимфоциттерді түзуге, тимозин гормонын бөлуге және лимфоциттердің селекциясына да қатысады. Маманданған Т-лимфоциттер тимустан шеткі мүшелерге өтеді де (лимфа түйініне, көкбауырға), мұнда пісіп жетіліп, антиген реактивті киллерге, хелперге және супрессорларға айналады. Көптеген лимфоциттер маманданған соң қан ағымына өтіп, арнайы циторецепторлары бар деңгейге де жетеді.
Ал маманданбаған лимфоциттер (рецепторсыз жасушалар) немесе Т- лимфоциттері тимустың өзінде тіршілігін жояды.
Тимус кыртысындағы жасушалары мен қан тамырлар арасында гемато- тимустық (барьер) сүзгі бар. Бұл сүзгі кыртысты заттағы лимфоциттерді антигеннен сақтайды. Гемато-тимустық сузгі құрамына гемокапиллярдың эндотелиі мен базальді мембранасы, перикапиллярлы кеңістіктегі лимфоциттер мен макрофагтары және эпителиоретикулярлы жасушалар, бұлар бекінген базальді мембрана жатады. Бүл сүзгінің өткізгіштік қасиеті ерекше, егер сүзгіден антиген өтіп кетсе, онда оның концентрациясы төмендегені (қалыпты жағдайда өткізбейді).
Боз заты гистологиялық препаратта ақшыл түсті, себебі қыртысты затымен салыстырғанда, мұнда лимфоциттері аз болады. Бұл лимфоциттер - Т-лимфоциттердің рециркуляциялаупы пулі (көптеген жасушалардың жиынтығы). Бұлар венулалары мен лимфа тамырлары арқылы қан ағымына өтіп және одан кайта шыға алатын жасушалар. Тимустың боз затында митоздың жолымен бөлінетін жасушалар саны қыртысты затқа қарағанда 15-есе аз болады.
Тимустың негізін құрайтын өсіндісі эпителиоциттердің ультрамикроскопиялық құрылыс ерекшелігіне -цитоплазмада көптеген вакуолдар мен сыртқы бетінде микробүрлері бар, жасушалық торлары (эндоплазмалы торлар) жатады.
Боз заттың орта бөлігінде қабатталған эпителиальді денешіктер орналасады. Бұларды Гассаль денешіктері дейді.
Қыртысты заттағы қан капиллярлары базальді мембрана мен капиллярдың сыртқы кеңістігіндегі (перикапиллярлардағы)эпителиальдық жасушалармен қоршалған. Тіндік сұйықтықпен толы бұл кеңістікте лимфоциттер мен макрофагтар кездеседі. Қыртысты затындағы қан капиллярлары біртіндеп венулаларға айналады. Тимуста лимфа жүйесі де жақсы дамыған. Лимфа капиллярлары қан тамырлардың бойымен өтіп бөлік аралық тамырларға айналады.
Клиникасы:Тимустың гиперплазиясы - айырша бездің паренхимасының ұлғайған периваскулярлы аймақтарында В-лимфоциттер, плазматикалық жасушалар, қалыпты жағдайда кездеспейтін лимфоидты фоликуллалар т.б.