Мещерова Г.Д.
Қазақ тілі мұғалімі.
КМТБО «Радуга» бөбекжай
Бақшасы
«Гүлдер» ересектер тобы балаларына арналған мерекелік іс-шара.
Мақсаты: Өткен сабақтарды бекіту.Балалардың қазақ тілінде сөздік қорларын молайту, белсенді диалогқа шығуларын дамыту,мәселе туғызу арқылы және модельдеу әдісі арқылы өз ойларын байланыстыра айтуларын дамыту. Балаларды толық қазақ тілі ортасына кіргізу. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Қазақ халқының салт дәстүрімен таныстыру.
Тәрбиелік кезеңі: Балалардың мемлекеттік тілге қызығушылығы және сыйлауы.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ойыншықтардың, отбасының, жабайы және үй жануарлардың, дене мүшелерінің, жемістердің суреттері.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап, ойын, практикалық.
Жүргізуші:Армысыздар! Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін біз «Радуга» бөбекжай бақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Мен қазақстандықпын» атты викториналық сайысымызды назарларыңызға ұсынамыз!
Әділқазы береді
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты, -деп,
ең алдымен Сіздерді әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін (әділ қазылармен таныстыру)
Уа, халайық, халайық
Бәріміз назар салайық
Мерекесі викториналық,
Сайысын біз бастайық!
Викториналық сайыста екі топ қатысады. Қазір,екі топ өздерін таныстырып өтеді.
«Достық» тобы:
Біз құмармыз достыққа
Достық қымбат әрқашанда!
«Гүлдер» тобы:
Біз кішкентай баламыз,
Көкке қарап талпынып,
Гүлдер болып өсеміз!
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың атқарылар міндеттерімен таныстырып өтейік.
«Өзін өзі таныстыру».
« «Қ» әрпі бар заттарды ата».
«Суретке қарап, заттардың санын айт».
«Белгілі бір топқа жататын заттарды топтастыр» .
«Жұбын тап»
«Үй жануарларды тап және ата».
«Жемістерге сәйкесінше түстерді жапсыру».
«Қонақ күтуге дайындық».
Жүргізуші:
Білім, ғылым, өнерге
Қанат қағар кездерің
Ата салтың ертеңге
Жеткізетін өздерің, - деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
(Өзін өзі таныстыру)
«Достық» тобынан:
Даниил:
Армысыздар, достарым, тәрбиешім,
Бұл сайыста сыналар бағым менің.
Өздеріңнен тұтанған мен бір жалын,
Сұрасаңыз Даниил болады менің атым.
Ксения:
Өзімді мен таныстырсам,
Ксениямын еркелеген.
Қызымын мен Сережаның,
Бір үйдің мен кенжесімін.
Диалог:
Сенің атың кім? Менің атым Даниил.
Ал, сенің атың кім? Менің атым Ксения.
Сенің жасың нешеде? Менің жасым бесте.
Сен қайда тұрасың? Мен Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрамын.
«Гүлдер» тобынан:
Никита:
Өнердің ашып есігін,
Шешендік сөзбен көсілдім.
Таныстырсам өзімді,
Никита менің есімім.
Арина:
Сайыс десе жайнаймын,
Намысымды қайраймын.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын.
Сенің атың кім? Менің атым Никита.
Сенің жасың нешеде? Менің жасым бесте.
Сен кімсің? Мен ұл баламын.
Сен қайда тұрасың? Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.
Жүргізуші:
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде, сайыстың бірінші бөліміне баға беріңіздер. ( Қазылар алқасы бағаларын көрсетеді).
Сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.
2. « «Қ» дыбысы бар заттарды ата».
«Достық» тобы: қуыршақ, қазақстан, қыс, тышқан, тақпақ, қияр.
«Гүлдер» тобы: қой, аяқ, қол, саусақ, орындық.
(Әділ қазылардың бағасы)
Жүргізуші:
Бидің майын ағызып,
Сөздің балын ағызып
Бүлдіршіндер сан табар –
деп сайыстың үшінші кезеңіне де келіп қалдық.
3. «Суреттегі заттарды сана! »
«Достық» тобынан София шығып, берілген суреттен балықтарды санап, дауыстап жауабын айтады: «Бір,екі,үш,төрт, бес. Суретте бес балық».
«Гүлдер» тобынан Жанна шығып, берілген суреттен ойыншықтарды санап, дауыстап жауабын айтады: «Бір, екі, үш, төрт, бес,алты, жеті. Суретте жеті ойыншық».
(Әділ- қазылардың бағасы)
Жүргізуші:
Жүзден - жүйрік,
Мыңнан тұлпар.
Демекші сайыстың төртінші бөліміне кезек берейік.
4. «Себеттерге көкөністерді, жемістерді жинау».
«Достық» тобы көкөністерді жинайды.
«Гүлдер» тобы жемістерді жинайды.
Музыка қосылады, қай топ бірінші жинап алады, сол себетті жоғары көтерулері тиіс. Жинаған көкөністерді, жемістерді қазақша атау.
(Әділ- қазылардың бағасы)
5. «Жұбын тап»
Тақтада әр заттың суреті ілінген. Үстел үстінде, тақтаға ілінген заттардың, жұбтары жатады. Әр топтан бір бір баладан шығып, жұбын табады.Мысалы:
Аяқ аяқ;
Қол қол;
Құлақ Құлақ;
Көз көз;
Дене мүшелерді қазақша атайды.
(Әділ- қазылардың бағасы)
Жүргізуші:
6.Ендігі кезекті «үй және жабайы жануарларды топтастыр» сайысына береміз.
Әр топтан бір бірден балалар тақтаға шығып, жабайы және үй жануарлардың суреттерін топтастырып, қазақша атауларын атау керек.
«Достық» тобы: үй жануарлары ат, сиыр, қой, ешкі.
«Гүлдер» тобы: Жабайы жануарлар аю, қасқыр, қоян, түлкі.
(Әділ- қазылар бағасы).
7.Жүргізуші:
Ал, бүлдіршіндер сұраққа қалайсыздар
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Тапсырма ал, сан қилы, сан-сауалдан
Дұрыс жауап берсеңдер жарайсыңдар-
Деп кезекті 7. «Түстерді сәйкесінше жемістерге жабыстыр» бөліміне береміз.
Әр топтан бір бір баладан шығып, үстел үстінде жатқан түстерді сәйкесінше жемістерге жабыстырады. Жемістерді қазақша атайды, түстерін айтады. Мысалы:
Алма қызыл.
Алмұрт жасыл.
Анар қызыл.
Лимон сары.
Өрік сары.
( Әділ- қазылар бағасы).
Жүргізуші:
«Қонақпен еріп, құт келеді» деп есептеген қазақ халқы, қашанда мейманын сыйлап, төрге отырғызған, шәй әзірлеп, әдетте шәйді бойжеткен қызға құйдырған. Мұның өзі қыз баланың қонақ күту рәсіміне бейімделе берсін деген ниет болса керек. Сондықтан біз де қонақ күтуді сайысымыздан тыс қалдырмадық. Олай болса аруларымыздың қонақты қалай қарсы алатынын байқап көрейік. Сайысымыздың соңғы бөлімі «Қонақ күтуге дайындық».
Ал, біздер шапалақтап көмектесейік!
Әр топтан қыздар шығып үстел дайындайды.
Әділ- қазылар қорытындысы.
Достарыңызбен бөлісу: |