Апомиксис. Жабық тұқымды өсімдіктерде ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан тұқымның пайда болуы қалыпты жағдай, бұл амфимиксис деп аталады. Мұнымен қатар кейбір өсіміктерде жеміс және тұқым ұрықтанбай дамиды. Бұл құбылыс апомиксис делінеді. Апомиксис кезінде ұрық тұқым бүршігінің бөліктері нуцеллустен, интегументерден және ұрық қалтасының элементтерінен (ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан емес) пайда болады. Апомиксистің бірнеше типін ажыратады. Олар: партеногенез, апогамия, және апаспория.
Партеногенез деп тұқымның ұрық бөлігінің ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан пайда болуын айтамыз. Партеногенездің екі түрі бар: біріншісінде ұрық гаплоидты жұмыртқа жасушасынан, екіншісінде — диплоидты жұмыртқа жасушасынан қалыптасады. Соңғысында редукциялық бөліну болмайды.
Апогамия — ұрықтың синергидтерден немесе антиподтардан пайда болу құбылысы. Егер редукциялық бөліну болмаса, апогамия кезінде ұрық гаплоидты және диплоидты элементтерден жаратыла алады.