Гүлдеу және тозаңдау Гүлдің диаграммасы мен формуласы



бет1/11
Дата10.05.2020
өлшемі196,18 Kb.
#66913
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гүлдеу және тозаңдау


Гүлдеу және тозаңдау

1. Гүлдің диаграммасы мен формуласы.

2. Гүл шоғыры.

3. Гүл шоғырының жүйесі.

 

Гүлдің құрылысын қысқаша ықшамдап көрсету үшін оны формуламен береді. Мұңда гүлдің симметриясы, гүл бөліктерінің әр шеңбердегі саны, гүл бөліктерінің кірігуі және аналықтың орналасуы (жоғары немесе төменгі жатын) бейнеленеді. Формулада гүл бөліктері арнаулы шартты таңбалармен белгіленеді. Мысалы, Са (Calyx) — тостағанша, Co (Corolla) — күлте, A (Androeceum) — аңдроцей, G (Gynoeceum) — гинецей, P (Perigonium) — жай гүл cepiri (мұнда гүл бөліктерінің латынша атауларының алғашқы буыны немесе алғашқы әріпі алынған).



Гүлдердің типтерінің де шартты белгілері бар. Олар ♀ ♂ қос жынысты гүл, ♀ — аналық гүл, ♂ — аталық гүл, + немесе * — актиноморфты гүл, ↑— зигоморфты гүл, ↓ — симметриясыз гүл.

Гүлдің жеке бөліктерінің саны цифрмен керсетіледі. Мыса­лы, 5 желекті күлте — Со5, А— аталық саны алтау дегенді білдіреді. Ал егер гүл бөліктерінің саны көп болса, әдетте 12-ден артса, онда шексіздік белгісі қолданылады.

Егер гүл бөліктері кіріккен болса, онда олардың санын көрсететін цифр жақшаға алынады. Мысалы, кіріккен 5-желекті күлте — Со(5), аталық саны 10 болып оның 9-ы кірігіп, біреуі бос орналасса, андроцей — А(9)+1. Гүл бөліктері бірден артық шеңбер түзген жағдайда, әр шеңбердегі бөлік сандары + белгісімен қосылып отырады. Мысалы, жай гүл серігі екі шеңберге орналасса, — Р3+3 дей көрсетіледі.

Формулада гинецейдің қанша жеміс жапырақшаларынан пайда болғандығы, олар кіріккен жеміс жапырақшаларынан (ценокарпты гинецей) немесе әрбір жеміс жапырақшаларынан жеке аналық (апокарпты гинецей) пайда болғандығы, сондай-ақ төменгі әлде жоғарғы жатын осының барлығы берілуі керек. Мысалы, төменгі жатынды ценокарпты гинецей былай белгіленеді: G(3), мұндағы (3) гинецейдің кіріккен 3 жеміс жапырақшаларынан тұратындығын, ал жоғарғы жағындағы сызықша төменгі жатынды екендігін көрсетеді, егер аналық жоғарғы жатынды болса, сызықша цифрдың төменгі жағынан қойылады. Сонымен, мысалдар келтіріп гүлдердің толық формуласын жазатын болсақ, онда төмендегідей мысалдарды келтіруге болады:

Сарғалдақ гүлінің формуласы: * Са5 Со5 А     G

Бақбақ гүлінің фомуласы: Со5 А5 G /27

Қайың гүлінің фомуласы: ♂ РА+ ♀ С (2)

Түкті қияқ гүлінің формуласы ♀ А3 ♀С(3)

Диаграмма — гүлдің негізгі бөліктерінің өзара орналасу заңдылығына қарай, гүл формуласынан гөрі де анығырақ етіп схема түрінде қағаз бетіне гүл бөліктерін түсіру, яғни гүл диаграммасы деп, гүлдің өсін және оның жабын жапырағын, сол сияқты гүл орналасқан гүл шоғырының немесе өркен өсін перпендикуляр етіп басып өтетін гүлдің жазықтағы схемалы проекциясын айтады.

Гүл диаграммасын бейнелеуде төмендегідей шартты белгілер қолданылады. Тостағанша жапырақшаларын квадрат жақшамен, күлте жапырақшаларын дөңгелек жақшамен, аталықтарын піскен тозаңқаптың көлденең кесіндісінің пішінімен, аналықты жатынның көлденең кесіндісінің пішінімен белгілейді. Кіріккен гүл бөліктерінің ұшы қосылып беріледі.

Гүлдің диаграммасы гүл шанағы ашылмай тұрған кезде түсіріледі, өйткені гүлдеу кезінде гүлдің кейбір бөліктері түсіп қалуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет