Гүлжан Есімсейітова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушысы, биотехнология ғылымының магистрі
Түйеқұс өсірем десеңіз...
Бүгінгі таңда құс шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған салалардың бірі. Мемлекеттің қолдауымен соңғы жылдары құс шаруашылығының жағдайы оңалып, қолда өсірілетін қанаттылар саны өсіп, олардан өндірілген өнім түрлері көбеюде. Тез өсіп, тез өнім беретін құстың малға қарағанда тиімді екендігін ұққан жеке адамдар тауық, қаз, үйрек өсіріп, отбасылық ахуалын нығайтса, құс өсіретін кәсіп-орындардың да жұмысы жандануда. Енді республиканың аграрлық экономикасының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – нарықты тұтынушылардың сұранысына қарай сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу үшін құс өнімдерінің түрлерін көбейту ісі өзінен-өзі сұранып тұр. Осы орайда түйеқұс және оның пайдасы туралы әңгіме өрбітпекпіз.
order cialis tampa floridacialis uk pricecheap cialis buy pharmacy online nowcialis soft gel pillscialis generic orderbrand cialis onlinebuy cialis safelycialis brandscialis cheap ukcialis and blood pressure medicationgenerica cialis
argaiv1973
Түйеқұстың біз білмейтін қасиеттері көп. Одан алынған өнімдердің адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Түйеқұстың етінің құрамында холестерин аз, жұмыртқасы сапасы жағынан тауықтың жұмыртқасына ұқсас, ал терісін піл мен қолтырауын терісімен салыстыруға болады. Ал оның қауырсынынан, жұмыртқасының қабығынан, тырнақтарынан әшекей заттар жасап, кәдеге жаратып жатады. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл құстарды қазақстандықтар тек теледидардан немесе зоопарктерден ғана тамашаласа, бүгінгі таңда оны жекелеген адамдар мен үлкен шаруашылықтар малданып отыр. Түйеқұстарды өсіру көп қиындық тудырмайды, оның өнімдері өте жоғары бағаланады және ол тауардың нарықта тапшылығы бар.
Біздің ғасырымыздан 5,5 мың жыл бұрын Африка құрлығындағы ежелгі адамдар бұл жануардың бейнесін тасқа қашап салғанына қарағанда түйеқұс ертеден өмір сүріп келеді. Ғалымдар оның биологиялық түр ретінде сақталу себебін құстың 30-35 градус ыстыққа да, 20-25 градус суыққа да төзімділігімен түсіндіреді.
Африкалық түйеқұстың еркегінің биіктігі – 2,7-3,0 метрге, салмағы 150-160 килограмға дейін жетеді. Түйеқұстың ұрғашысы наурыз айынан бастап қазан айына дейін жұмыртқалайды. Бір құс жылына 40-тан 80 данаға дейін жұмыртқа береді. Салмағы 90 килограмм тартатын құстан орташа есеппен 35-36 килограмм ет, 1,2-1,5 шаршы метр тері, 2 килограмға жуық қауырсын, 4,5 килограмм ішек-қарын және косметикада жақсы қолданылатын 1-2 килограмм май алынады.
Бұл қанаттыны Қазақстанның табиғи жағдайында өсіріп-бағу, азықтандыру және асылдандыру үшін қажетті технологияны анықтау ісі әлі де зерттеуді талап етеді. Сондықтан Қазақстанда тұңғыш рет жоғары биологиялық және тағамдық құндылыққа ие құсты өндіретін фермерлік және қосалқы шаруашылықтар құру және оны өсірудің тиімді жүйесін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінде Қазақстанның іскер азаматтары Дания, Бельгия, Нидерланды елдерінен африкалық түйеқұстар мен австралиялық эму түрлерін әкеліп, фермалар құруда. Алматы облысында “Айқанат құстары” және “Фауна фермерлік қожалығы”, Қостанай облысында “Қара батыр” ЖШС бұл бастамаға үлкен талпыныспен кіріскен. Біздің облыстағы Есіл ауданында “Столыпинское” ЖШС-і түйеқұс өсіруді қолға алды. Әлі де осы бастаманы қолдап, өздері де құс шаруашылығын ашуға ниетті адамдардың бар екені байқалады.
Қандай істі қолға алсақ та, оны дамытудың заңдылықтары мен талаптары болады. Осыған сүйене отырып, біз “Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып, “Столыпинское” шаруашылығындағы түйеқұстың ортаға бейімділігі мен бағып-қағу жолдарын зерттедік. Осы зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, өңірімізде түйеқұс шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктің бар екендігіне және оның үлкен пайдасы болатынына көз жеткіздік. Әлемнің 130 елінде түйеқұс өсіріледі. Бүгінгі күні түйеқұстарды көбейтуге қытайлықтар аса үлкен мән беріп отыр. Бұл елде өсірілетін түйеқұстар саны үш миллионнан асыпты. Түйеқұс шаруашылықтарын құру Грузияда, Литвада, Түркіменстанда жақсы қолға алынған. Аталмыш сала жылдан-жылға дамып келеді, бірақ ондайда кедергі болатын бір жай – жергілікті климатқа қарай шаруашылықты жүргізуге қажетті әдебиеттердің, әдістемелердің аздығы. Сондықтан ғылыми тұрғыдан сараланған осы тәжірибеміздің бір көмегі болар деген оймен тақырыпты қозғап отырмыз.
Әр балапан жұмыртқадан шыққан күнінен бастап бақылауда болады. Зерттеу жұмыстары өткізілген шаруа қожалығында жергілікті климаттың аса суықтығы ескеріліп, құс қораларында жылу жүйесі тартылған. Сегіз айдан асқан балапан 20 градус суықтықта еркін өмір сүре алады, оған дейін оларға жылы жер болған дұрыс. Құстардың астына төселетін төсеніш әрқашан құрғақ болуы керек. Балапандарға төселетін сабан майда болғаны жөн. Түйеқұстардың иммундық жүйесі алты айдан кейін жақсы дамиды. Сондықтан бұл құстың балапанына бастапқы алты айда жақсы күтім болса, одан әрі жануар ортаға оңай бейімделіп кетеді.
Балапан үшін де, құстың өзі үшін де зоогигиеналық талап сақталуға тиіс. Инкубатордан шыққан балапандар басқа құстар сияқты 30-35 градус жылылықта бағылады. Аптасына 2-3 градусқа төмендетіліп отырған жылылық ақырындап 20 градусқа дейін жеткізіледі. Температураның балапанға қаншалықты жағып тұрғанын олардың мінез-құлқынан аңғаруға болады. Ауа тым ыстық болса, балапандар тұмсықтарын ашып дем алып, қанаттарын жая береді. Ал егер ауа суық болса, бәрі бір жерге жиналып алып, топталып қалады. Тұрақты температураны сақтау маңызды. Өйткені, жаңа шыққан балапан суыққа төзімсіз келеді және желдің өті сезілсе, тез әлсірейді.
Жұмыртқаны жара бастағаннан 4-7 тәулік бойы балапандар сары уызбен қоректеніп, басқа тамақ жемейді. Оны балапан бірнеше күнде толықтай сіңіреді. Бұл кезде балапан 20-30 пайыз салмақ жоғалтады. Бұл – қалыпты көрініс. Сары уыз жеген балапанның ағзасында қабыну болмайды. Біздің зерттеу жұмысымызды қорытындылаған кезде көз жеткізгеніміз, балапанға қосымша қоректі жұмыртқадан шыққаннан кейін 2 тәулік өткен соң берген жөн. Балапанды азықтануға үйрету үшін бір балапанға шаққандағы жер аумағы 0,3 шаршы метрден аспауы керек. Балапандар азықты тез табу үшін оттықтарды барлық еден бойына орналастырған жөн. Азық жіңішке, ұзын науаларға салынады. Балапандарды азыққа қызықтыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы, науаларды ашық жасыл түске бояу сияқты. Қорек ылғалды болған жөн. Ылғалды азық тез қорытылады және балапандардың асқазандарының жұмысын бұзбайды.
Біз бірінші айда балапандарды белгіленген уақытта күніне төрт рет қоректендіріп отырдық. Салынған азықтың қалдығын жарты сағаттан кейін жинап тастадық. Екінші айдан бастап құстарды сирек азықтандыруды қолға алдық. Яғни, олардың тамақтанатын мерзімдері – сағат 8.00, 13.00 және 19.00. 30-шы күннен бастап пробиотиктер бере бастадық. Бұл асқазан жұмысын жақсартатын бактерияларды қалыптастыру үшін қажет. Бірінші 7-10 күнде түйіршіктелген құс азығына ұстақталған жұмыртқа, сәбіз, орамжапырақ, салат, жоңышқа мен бедене қосып, қоспаны күніне 3-4 рет бердік. Балапандар даладан жұлынып әкелінген көк шөпті жақсы жейді. Жоңышқа будасының жапырағын 25-30 сантиметр биіктікке іліп қойып едік, балапандар оларды да еркін жей алды.
Сірке қышқылының кішкене мөлшерін құстарға берген кезде олардың тәбеті ашылады және ол протеиннің көзі болып табылады. Үш апта бойы балапандар мұқият араластырылған сұлы, ұсақ кесілген жоңышқа және құнарландырылған азықтың тең қосылған пропорциясын тұтынады. Балапандар ұсақталған күріш дәнінің қабыршағы мен тастарды сүйіп жейді. Түйеқұс балапанының азық мәзірінде өзек (клетчатка) болуы маңызды. Балапанға үш апта болғанда жемазық мәзірінің 5-6 пайызын талшық құрауы керек. Осы аптада балапандардың талшықты сіңіру көрсеткіші – БДТ (бейтарап дивергент талшығы) 6,5 пайызды құрайды, алты аптада – 27,9 пайыз, ал екі жарым айлық балапанда – 51,2 пайыз, ересек құстың бұл көрсеткіші 60 пайыздан асады.
Басқа үй құстарымен салыстырғанда, түйеқұстар өсімдік азығының қуатын жақсы қолданады. Ол құстың ас қорыту жолының анатомиялық құрылымына және асқазанының физиологиясына байланысты.
Өзектің ыдырау дәрежесінің жоғары болуынан және жақсы сіңірілуінен түйеқұстар қажетті қуаттың 76 пайызын алады. Түйеқұс балапандарын қоректендіру екі жүйеге бөлінеді: еркін және өлшем арқылы. Бірінші әдісті құстар азық мөлшерін өздері білу керек дегендер қолданады. Ал біз зерттеу жүргізе отырып, азық мөлшерін реттеп беру қажет деген пікірге тоқталдық. Біз реттелген тәртіппен азықтандырған кезде құстардың дені сау, ал балапандардың өлім-жітімі кеміді. Сондай-ақ, балапандарды үш айға толғанша апта сайын өлшеп отырған кезде олардың салмақ қосуы тұрақты болды. Кейбір фермерлер балапандарды ересек құстардың саңғырығымен қоректендіреді. Біз оған қарсымыз. Өйткені, ауру құстардың саңғырығында жұқпалы аурулардың қоздырғыштары сақталады.
Балапандардың ішегіндегі микрофлораны көбейту үшін әртүрлі ашытқылар қолданылады және ішетін суға кішкене мөлшерде сірке, фумаринд немесе лимон қышқылы қосылады. Олар азықтың рН көрсеткішін төмендетеді. Одан балапандардың денесі бір қалыпты өседі. Тағы бір айтар кеңес, бұл құстарды өсіру үшін жоғары өнімді аталығы мен ұрғашысын таңдап, түйеқұстардың сұрыптама ұяларын құрудан бастау керек. Соның негізінде жақсы өнім беретін ұрпақ алынып, асылтұқымды топтар құрылады.
// Солтүстік Қазақстан. - 2015. - 13 қаңтар
Достарыңызбен бөлісу: |