Мемлекеттік лауазым- мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктлген құрылымдық бірлігі;
•Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейді.Парламент екі Палатадан : Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
•Сенат -конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады
•Мәжіліс (араб.: меджлис— жиналыс, кеңес, әңгіме) — қауым алдында тұрған мәселені шешу мақсатында бас қосып кеңесу, алқа құрып жиналыс жасау; Түркия, Иран елдерінде заң шығарушы орган;Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы.
•Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б