Глоссарий • Мемлекет


Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. •Жоғарғы сот



бет6/6
Дата02.02.2022
өлшемі26,58 Kb.
#116938
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Глоссарий
English test, Бисенова А
Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі.

Жоғарғы сот – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы.

Төрелік сот - кәсіпкерлік қызмет, мүліктік қатынастар барысында немесе басқару аясында туындайтын дауларды шешу үшін құрылатын орган.

Ант – жеке тұлғаның ең қастерлі нәрсемен өзге адамды не адамдар қауымын өзінің адал ниетіне салтанатты түрде сендіруі, уәде беруі, куәлік етуі.

Демократия - сөзі ( гр. Демос - халық жәна . Гр Кратос - билік) деген сөздеріна шыққано, яғните «халық билігі» деген мағынана білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:1)Мемлекет түрі.2)Тендік , сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.3)Қоғамдық құрылымның мұраты.

Құқықтық мемлекет- жеке адам және қоғам мүдессін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм.

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.

• Азаматтық – адам мемлекет арасындағы тұрақты қатынас, оны бір-біріне тығыз байланысты құқықтарынан міндеттерінен және жауапкершіліктеріне байқауға болады

Әкімшілік – атқарушы-әкімші мемлекеттк органдар жүйесі, барлық елдің не болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган.

Референдум - бүкіл халықтың  дауыс беруі (референдум) ең жоғарғы заңдылық күші бар, аса маңызды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің мәселелері бойынша, азаматтардың тікелей басқару шешімін қабылдануы.

Декларация - құқықтық құжат , ұсынушы күші бар негізгі принциптерді жариялау.

Еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі.

Еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі.

Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
• Жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері.

Қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.

Отбасы-  некеден, туыстықтан, бала асырап алудан  немесе  балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар  мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті  адамдар тобы.

Неке– ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Әкімшілік құқық- билік пен бағыну негізінде құрылған және ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару органдарының атқару-өкімдік қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.



Лауазымды адам- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет