Бюджеттік заң - нақты кезендегі бюджет пен оның әрекет ету мерзімі мен тәртібін, бюджеттік ресурстар бойынша негізгі тағайындалуы мен бюджеттік қаржы бөлуді бекітетін жалпы мемлекеттік заңнамалық акт.
•Неке және отбасы туралы заң - неке мен отбасыға тиесіліктен пайда болатын қатынастарды реттеп, нормаларды біріктіретін, бірыңғай жүйелендірілген заңнамалық акт.
•Заңды тұлғаның заңы - занды тұлға құрылған елдің құқығы, осы заңды тұлғаның заңы болып саналады.
•Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган.