4-тақырып. Қоғамдық құрылым және әлеуметтік қарым-қатынас
Аграрлы қоғам - ауылшаруашылығы үстемдік еткен қоғамның тарихи дамуының индустрияға дейінгі сатысы. Өндіріске дейінгі, яғни аграрлы қоғам мен индустриалды қоғамның аражігін ажыратуда неміс әлеуметтанушысы Ф.Тённистің еңбегі зор. Ол өзінің "Қауым және қоғам" деген еңбегінде қоғамды ауыл қауымы (Гемайншафт) және қалалық өндіріс қауымы (Гезелыпафт) деп екіге бөледі.
Азаматтық қоғам– жеке тұлғаны (адамның) негізгі құқықтары заңды қамтамасыз етілген және қорғалған қоғам.
Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Ауыл – қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қол өнер мен ауыл шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты әлеуметтік кеңістіктік түрі.