Әлеуметтік қауымдастық – (социальная общность) әлеуметтік ішкі байланыстардың негізі тұратын аймағы бір және бірлескен өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан материалдық және мәдени құндылықтары ортақ адамдардың тұрақты бірлестігі. Әлеуметтік қауымдастықтың негізгі белгілері: ынтымақтастық, келісім, жоғары дәрежедегі бірлік.
Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси қатынастардың субъектісіне айналады.
Дәстүрлі қоғам - көбінесе ауылдық қоғам, индустриалды емес, бүгінгі индустриалдық қоғамға қарсы, өндіру мен мәдени мұраларды сақтайтын қоғам. Дәстүрлі қоғам - саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына негізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта. Дәстүрлі қоғам адами қызметтің дағдыларын, қарым-қатынас жасаудың, тұрмыс кешудің, мәдени өнегенің пішімдерін кайталап отыруға негізделеді. Мұндай қоғамда дәстүр өмірлік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жалғаудың, индивидтердің жеке дамуын өзіне бағындыратын әлеуметтік сабақтастықтың басты құралына айналдырады. Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік жаңалықтар эволюциялық жолмен біртіндеп жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |