Әлеуметтік бейімделу – (социальная адаптация) адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.
Әлеуметтік ғадет – (социальное поведение) адамдардың субъективті мінездемелерінен және іс-қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесінен көрінетін әлеуметтік ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің негізгі түрлері: еңбектік, өндірістік, ұйымдық, функционалдық, демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б.
Әлеуметтік ереже – адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым – қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.
Әлеуметтік жоспарлау - әлеуметтік процестердің дамуы мен жүзеге асырылу жолдарының ғылыми негізделген мақсаты мен міндеттері, көрсеткіштері. Әлеуметтік институттардың, саяси партиялардың немесе ұйымдардың белгілі мерзімге жоспарланған қызметінің негізгі қағидаларының мазмұны әлеуметтік бағдарламалар деп аталады.
Макросоциология – күрделі әлеуметтік процестерді, әлеуметтік топтарды және қоғамдық өмірді тұтастық тұрғысынан зерттейтін бағыт.
Микросоциология – шағын әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдайтын социологиялық зерттеулер.
Социология – екі сөзден құралған: латынның societas – қоғам және гректің logos – сөз, түсінік, ілім. Сонымен этимологиялық жағынан социология – қоғам туралы ғылым.
Әлеуметтік жүйе — индивидтер, олардың өзара байланыстарын, осы жүйенің жемісті өмір сүруіне, жұмыс атқаруына қажетті жағдай туғызатын, елеусіз әрекеттер жасайтын әдет-дағдылар мен салт-дәстүрлерді қамтитын жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |