Глоссарий 1-тақырып. Әлеуметтану қоғам туралы ілім Әлеуметтік



бет9/42
Дата11.12.2021
өлшемі66,73 Kb.
#99034
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (2)

Суреттеу зерттеу – мақсаты мен міндеті  бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның  құрылымдық кезеңдері жөнінде  біршама тұтас  түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі  талдау объектісі  - үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Эмпирикалық социологиялық зерттеу – бұл зерттеліп отырған нысан туралы нақты ақпар алу мақсатындағы әдістемелік және ұйымдық-техникалық әрекеттер жүйесі.

2-тақырып. Мәдениет
Контрмәдениет — басым мәдениетке қарама-қарсы келіп, оған қарсылық білдіретін, белгілі бір топқа қабылданған мәдениет үлгілерінің жиынтығы.

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. 

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

Маргиналдық – екі мәдениеттің өзара әсері процесіне қатысушы, бірақ екеуінің біріне де толық сіңісе алмай, екі арада қалған адамдардың немесе әлеуметтік топтардың рухани жағдайы.

Өркениет – қоғамның сапалық дамуы барысын көрсетеді.

Аксиология – (гректің «axia” «құндылық», «logos” ілім деген сөзінен шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын.

Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет