Бихевиоризм және необихевиоризм – сананың дербестігін мойындамайтын, психиканы адамның өзіне қажет нәрселерге жету мақсатында жүзеге асыратын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп көрсететін ғылыми бағыт.
Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
Бюрократия— іс-әрекеттері мен жауапкершіліктері айқындалып, бір-бірінен формальды кұкықтары мен міндеттері арқылы ажыратылып иерархия құратын ресми адамдардан, лауазымы мен қызмет орындарынан құрылатын ұйым.