Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория
123476, docx1549914411
Асимметриялық ақпарат
– нарықта сатушының (сатып алушының) сатып 
алушыға (сатушыға) қарағанда тауарлар немесе қызметтер туралы аса маңызды 
ақпараттарға ие болу жағдайы. 

Атаулы жалақы
– жұмыскердің жұмыс уақытының бірлігіне (сағатына, күніне 
және т.б.) алатын ақшалай табысының көлемі. 

Атаулы пайыз мөлшерлемесі
– елдегі инфляция қарқынын ескермейтін 
банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыз қойылымы. 

Атаулы табыс
– жекелеген тұлғалардың және топтардың белгілі бір нақты 
уақыт аралығында тапқан табыстарының ақшалай көлемі. 

Ашық нарықтағы операциялар
– мемлекеттің орталық банк арқылы 
айналымдағы ақша массасын реттеу үшін бағалы қағаздарды сату және сатып алу 
әрекеттері. 

Ашық экономика
– тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын жүзеге 
асыратын елдің экономикасы. 

Әлеуетті бәсекелестік
– салада жұмыс істейтін фирмаларға жоғары 
экономикалық пайда алуды қамтамасыз ететін жаңа фирмалардың сол салаға кіру 
мүмкіндіктері. 

Әміршіл-әкімшіл экономика
– барлық материалдық ресурстар мемлекеттік 
меншікті құрайтын және экономикалық қызметтің бағыты орталықтандырылған 
экономикалық жоспарлау жолымен жүзеге асырылатын шаруашылықты 
ұйымдастырудың бір әдісі. 

Әріптестік
– екі немесе одан да көп тұлға иелік ететін және басқаратын 
корпоративтік (акционерлік емес) емес фирма. 

«Әртүрлі тең жағдайларда» болжамы
– қарастырылып отырған 
айнымалыдан басқа барлық басқа айнымалылардың өзгеріссіз қалуын болжау. 

Баға
– тауарлар мен қызметтер бірлігіне алынатын және төленетін ақша 
(немесе басқа тауарлар мен қызметтердің) саны. 

Бағалық емес бәсеке
– фирмалардың өнімнің сатылу көлемін ұлғайту 
мақсатында қолданатын әдістері. Оларға өнімді ерекшелендіру, жарнама және 
өткізуді ынталандыру бойынша шаралар жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет