Глоссарий академиялық деңгей (Degree)



бет1/8
Дата20.11.2023
өлшемі30,97 Kb.
#192216
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (копия)
окс (копия)

Орындағандар: Мейірбек Салидат, Мұсахан Марал, Мамықова Назерке, Қожан Мерейлі, Әбдірашит Нұрсезім
Мамандық: 1601-13 Тарих педагогін даярлау

ГЛОССАРИЙ
Академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нəтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дəреже.
Академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пəндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін жəне білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына жəне оқытудың инновациялық технологиялары мен əдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы.
Академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.
Арнайы (коррекциялық) педагогика - дене жəне əлеуметтік дамуында ауытқушылықтары бар балалар мен ересектерді оқыту мен тəрбиелеудің теориялық негіздерін, қағидаларын, əдіс-тəсілдері мен түрлерін, құралдарын зерттеп жасайды. Оның салалары: логопедия (тіл дамуында кемістігі бар адамдарды оқыту мен тəрбиелеу), сурдопедагогика (естімейтін жəне нашар еститін адамдарды оқыту мен тəрбиелеу), тифлопедагогика (көрмейтін жəне нашар көретін адамдарды оқыту мен тəрбиелеу), олигофренопедагогика (психикалық дамуы баяу жəне ақыл-ойы дамуының кемістіктері бар адамдарды оқыту мен тəрбиелеу).
Əлеуметтік педагогика - əлеуметтік ортаның нақты жағдайын ескере отырып тұлғаны тəрбиелеуді оңтайландыру бойынша тəрбиелік шаралар жүйесін жасаудың теориясы мен тəжірибесі.
Бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дəреже.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет