Глоссарий академиялық деңгей (Degree)


Кредит (Credit, Credit-hour)



бет5/8
Дата20.11.2023
өлшемі30,97 Kb.
#192216
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (копия)

Кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сəйкестендірілген бірлігі.
Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пəндерді таңдауы жəне реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту.
Қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пəні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пəндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пəндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі.
Қашықтықтан білім беру технологиясы – білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан ) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық жəне телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Магистр – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дəреже.
Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.
Межелік бақылау – бір оқу пəнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы – мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік əлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-əдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі.
Оқыту оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тəсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың мақсатты түрде өзара əрекеттесуі. Оқыту ол таным үрдісі. Оның барысында психикалық үрдістер дамиды (қабылдау, түйсік, ес, ойлау жəне т.б.) жəне олардың көмегімен оқушылар білім, білік, дағды, шығармашылық əрекет тəжірибесін, эмоционалдық қарым-қатынас тəжірибесін меңгереді, ерік-жігерін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет