Парламенттік республика – конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент
болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады. Мұнда үкіметті парламент
қалыптастырады, сондықтан оған тəуелді болады. Парламент бюджетті бекітеді,
салықты белгілейді, соттарды құрады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды,
соғыс аша алады, əскерлерді қамтамасыз етеді жəне т.с.с. айналысады. Көптеген елдің
парламенті екі (жоғары жəне төменгі) палатадан тұрады.
Президент – 1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге
сайланған мемлекет басшысы; 2) сайлап қойылатын басшы, қоғамдық, ғылыми
мекемелердің, корпарация, компания жəне т.б. төрағасы.