Охлократия
– қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді
басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
Өркениеттілік
– 1) қоғамның, адамзаттың материалдық жəне рухани даму деңгейі;
2) мəдениеттің синонимі; 3) Л. Морган, Ф. Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуында
варварлықтан кейінгі сатысы.
Пакт
– халықаралық келісім.
Парадигма
– жасалатын өзгерістердің нəтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық
құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар өз пікірін, көзқарасын салыстырып,
дəлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.
Парламент
– жоғары сайланбалы өкілдік жəне заң шығаратын орган. Əр елде ол əр
түрлі аталады. Мысалы, АҚШ-та, Филиппинде, Латын Америкасының көптеген
елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда – Сейм, Иран мен Туркияда –
Мəжіліс, Германияда – Федералдық жиналыс, Израильде – Кнессет, Норвегияда –
Стортинг, Ұлыбританияда – Парламент, Швецияда – Риксдаг, Францияда – Ұлттық
жиналыс дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |